№44 ЖББМ бойынша «Балаға мейірім сыйла» атты республикалық акция щеңберінде өткізілген қамқоршы күні мерекесінің аталып өтілуі туралы Анықтама » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №44 ЖББМ бойынша «Балаға мейірім сыйла» атты республикалық акция щеңберінде өткізілген қамқоршы күні мерекесінің аталып өтілуі туралы Анықтама
08
қараша
2018

№44 ЖББМ бойынша «Балаға мейірім сыйла» атты республикалық акция щеңберінде өткізілген қамқоршы күні мерекесінің аталып өтілуі туралы Анықтама

Аталған іс-шара «Балаларға мейірім сыйла» атты тақырыпта концерттік бағдарламасымен өткізілді. Іс-шара мақсаты: қамқоршылардың ата-аналық махаббат сезімін дамытып, оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Мектеп психологы Абильдаева Гуляйм «Мир добраты» тақырыбында қамқоршыларға тренинг өткізді. Сөз алған мектеп директоры қамқоршыларға Сіздердің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат, деп сәттілік тіледі. Соңында мектеп директоры мен әлеуметтік педагог А.Шашубаева қамқорлыққа алынған балаларға сыйлықтарын берді.



№44 ЖББМ директоры: Н.Конкабаев
Орындаған: әлеуметтік педагог Шашубаева А.