Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы
01
ақпан
2022

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы

№ 44 жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында     

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған

«Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында

жыр сағаты ұйымдастырылғаны  туралы

Анықтама

     Алты Алаштың ақтаңгер ақыны, елдің мұңын мұңдап, жоғын түгендеген, ұрпағына ұлы мұра қалдырып кеткен ХХ ғасырдың Гомері Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 175 жыл толып отыр. Жүз жасаған абыздың айтулы мерейтойына орай 10 желтоқсан күні жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына «Жүз жасаған бәйтерек» атты жыр сағаты 

6 сынып оқушыларымен өтті.

 Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу. 

Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өлеңдері жатқа оқылды.Кеш екі турдан турды. Бірінші тур «Өмірі- аңыз,өзі-абыз» деп аталса, ал екінші туры «Жыр алыбы-Жамбыл» деп аталды. Бұл шарада Жамбыл Жабаевтың бірнеше қырынан қараймыз. Әскери жағынан. Жазған өлеңдерінен. Баяндама оқылды.  Сонымен қатар оқушылар«Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмесімен танысты.