Оқуға құштар мектеп
№44 мектеп кітапханасында 11 қаңтар2022жылы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ойна да, ойлан сұрақ жауап интеллектуалды ойыны туралы
Анықтама
№ 44 ЖОББ мектеп кітапханасында оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын,сөйлеу тілдерін жетілдіру мақсатында, 11қаңтар күні «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты 4 сынып оқушыларының қатысуымен ойна да, ойлан сұрақ жауап интеллектуалды ойыны өтті. Іс-шара «Жылы лебіз» психологиялық тренингпен басталды. Әділқазыларды анықтап алып сайысты бастадық. Жүргізуші кітапханашы Жасыбаева Қарлығаш сөз алып сайыстың талаптарымен таныстырды.
Ойын үш кезеңнен тұрды. І кезең «Ой жүгірту», ІІ кезең «Көсемдікке ұмтылу», ІІІ кезең «Ғажайып сурет».
Оқушылар үш кезең бойынша сұрақтарға жауап берді, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, қиындылардан тудың, бәйтеректің суреттерін құрастырды. «Алғырлар» тобынан Әшірқұл Еркайым, Мұрат Айару, «Білімділер» тобынан Болат Аружан сайысқа белсене, қызығушылықпен қатысып шапшаңдығымен, терең білімімен көзге түсті. Жүлделі орынға «Алғырлар» тобы ие болды.
Кітапханашылар: Қ.Жасыбаева
К.Жекебаева