03
желтоқсан
2021
Бәсекеге қабілетті оқушылар
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында бастауыш 2-сыныптар арасында «Бәсекеге қабілетті оқушылар» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын «Кім білгір?», «Ойланып көр», «Қателеспе», «Орнын тап» бөлімдерінен тұрды.
Қатысушылар осы 4 бөлім бойынша барлық пәнді қамтитын сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Слайдтан көрсетілген логикалық ойындар мен суреттермен жұмыс барысында оқушылар өздерінің жан-жақты білімді, өжет, еңбекқор, талапты екендіктерін көрсетті. Олар жұмбақтардың шешуін үш тілде айтып, ағылшын тіліне қызығушылықтары басым екенін танытты.
Ойын сабақ өте қызықты, тартымды, әсерлі болды. Әділ қазылар алқасы оқушылардың білімін бағалап, жеңімпаз топтарға мақтау қағаздарын табыс етті.

