«Жазғы мектеп» жобасы -сапалы білім бастауы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жазғы мектеп» жобасы -сапалы білім бастауы
01
маусым
2021

«Жазғы мектеп» жобасы -сапалы білім бастауы

«Жазғы мектеп» жобасы  -сапалы білім бастауы


Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім олқылықтарының орнын толтыру   мақсатында балалардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылды. Өйткені қашықтықтан оқыту кезінде көбінің үлгерімі төмендеп кеткені белгілі. Осы мүмкіндікті пайдаланып балаларының білімін толықтыруға ниет еткен ата-аналардың өтініші негізінде жазғы мектепке 603 бала қамтылды, 37 топқа топтастырылды. Ұстаздар да баланың демалыс уақытын алмай,маңызды сабақтарды жоспарлады.

      Мектепте    директорының жазғы мектеп жұмысы туралы бұйрығы шығарылып, жұмыс жоспары бекітілді. Оқушылар тізімі мен сынып жиынтығы, оқу пәндерінің тізімі, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар қарастырылды. Уақытша сынып журналдары алдын ала ашылды. Барлық сыныптардың сабақ кестесі алдын ала беріліп, негізгі пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалынып, бекітілді

      Қазіргі кезде  жазғы мектепте оқушылар екі ауысымда білім алуда.  . 

     Жазғы мектептің басты мақсаты-жобалар, шығармашылық жұмыстар мен ойындар арқылы бала бойындағы тілдік және ғылыми дағдыларды жетілдіру болып табылады. 

     Жазғы мектепте шәкірттердің пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру мақсатында ұстаздар сабақты түрлендіріп, тақырыпқа сай сан алуан тиімді әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер қолданып,  видеолар көрсетіп, қызықты деректер ұсынуда. Өйткені дәстүрлі емес, аралас, ойын, жарыс сабақтар балалардың ынта- жігерін арттырып отырғаны бірден байқалады.

     Айта кетсек, математика сабағында оқушылар мысал есептермен қатар қызықты логикалық есептер шығарып, ой өрісін кеңейтуде. Шапшаңдығын арттыруға бағытталған ойын есептер сабақта әрдайым тиімді қолданылады. Нәтижесінде балалар ауызша есептеулерді калькуляторсыз, қатесіз есептеуді меңгеруде. 

     Алғашқы екі аптада  5-8 сыныптарда  тарих, математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндері бойынша  жарыс, ойын, дәстүрлі емес, кіріктірілген сабақтар өткізілді. Оқушылардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы мектептің жұмысын арттыру мақсатында мұғалімдердің жұмысын жандандыру үшін жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Мектепте барлық пән мұғалімдерінің күнтізбелік -тақырыпқа сай барлық тақырыптардың қамтылуы басшылыққа алынуда. 

     Жазғы мектептің тиімділігі  күнделікті өз нәтижесін беріп отыр. Осыған қарап, баланың пәнге қызығушылығын, бейімділігін қай уақытта болса да тиімді тәсілдермен арттыруға болатынын     айта кеткім келеді. Аз уақыттың ішінде үлгерімі төмен балалардың да пәнге қызығушылығы байқалып отыр. Бұл-ұстаздардың тынымсыз еңбегінің тағы бір жемісті көрінісі.



№44ЖОББМ директордың

                                                                                                     оқу ісі жөніндегі

                                                                                                орынбасары:Г.К.Аликулова