№44 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысында оқу тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы мектеп директорының есебі.
ХАТТАМАСЫ
«Жеміс-жидек» ауылы 02.10. 2020 жыл
Отырыс өткен орын:ZOOM платформасы негізінде.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері,
№44 ЖББМ директоры Н.Конкабаев
Мектеп әкімшілігі
Хатшы: А.А.Шашубаева.
Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және жаңа оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
- Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде кезекші сыныптардығы оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша қашықтықтан оқуға байланысты атқарылған жұмыстардың есебі.
- Басқа да мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Н.Конкабаев өз сөзін Ғабит Мүсіреповтың «Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек», деген нақыл сөзімен бастады. 2020-2021 оқу жылында №44 жалпы білім беретін мектебінде 1106 оқушы білім алуда. Жалпы 58 сынып комплектісі бар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде ұйымдастырылған оқу қызметтерін (бұдан әрі - ҰОҚ) ұйымдастыру бойынша қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында әзірленген ережемен таныстырып өтті. Ата - аналардың өтініші бойынша, тиісті мүмкіндіктерге байланысты кезекші топтарды ұйымдастыруда, қазіргі таңда бірінші сынып оқушыларының белгіленген кестеге сай, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ұйымдастырылды. Санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілді. Қазіргі таңда мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты, уақытша «Айым» балабақшасының ғимаратының екі кабинеті берілген. Балалар кіргенде бір кабинетте оқып, (бір топта 13-15 баладан) кіре берісте дене қызуы өлшеніп, кварцтау және ылғалды тазалау режимі күшейтілді. Топтарда артық баладан отырмауы қадағаланды. Ата-аналардың кіруіне тыйым салынды. «Бір мұғалім- бір сынып» қағидаты енгізілді. Оқушылар сынып жетекшісі беретін негізгі пәндерді ғана мектепте оқиды. Қалған музыка, көркем еңбек, ағылшын тілі, орыс тілі, шене шынықтыру пәндері қашықтықтан оқытылады.
Мектеп формасы биыл талап етілмегенімен, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, шектеу іс-шаралары кезеңінде оқушылар сабаққа ыңғайлы киімде қатыса алады.«Мектеп формасы» ұғымы мен оның қағидаты, оған қойылатын талаптар мүлдем жойылмайтыны туралы ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға ыңғайлы киім таңдап, киім тәртіпке келтіретін және оқуға бейімделуғе көмектесетіні түсіндірілді. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, үй жағдайында балаларға материалдар ұсынылып, ата-аналардың жетекшілігімен педагогтердің тапсырмаларын орындауда.
Карантин кезінде қашықтықтан оқуға байланысты шектеу шараларына қатысты арнайы ескертулерді толық орындау мақсатында кіреберіс алдыңғы есігіне залалсыздандыру қақпасы орнатылып антисептик сұйықтықтары қойылды. Аудандық білім бөлімі тарапынан 1 тепловизор, облучатель УФ кварц - 4 дана, санитайзер 2, антисептик 90, бет перде 250, дезинфекциялық сұйықтық 3л – 20 дана берілді. Аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан әл аухаты төмен, қашықтықтан оқуға мүмкіндігі жоқ отбасы балаларына мектеп тарапынан келісім шарт (АКТ) негізінде компьютер-7, ноутбук-8, планшет-10, недбук-10, роултер-33 берілді. Жалпы 30 отбасынан 73 оқушы қамтылды.
ШЕШІМ:
- Бала денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде санитарлық талаптар қатаң сақталып, сақтау шаралары күшейтілсін.
- Кезекші сыныптарда сақтық шаралары мектеп әкімшілігі мен мед бике тарапынан қатаң қадағалансын.
Кеңес төрағасы: А.В.Алиева
Хатшы: А.Шашубаева