Кітапты кім және қалай жасаған ?
№ 44 ЖОББ мектеп кітапханасында
2021-2022 оқу жылына жоспарланған
іс – шаралар тізбегіне сәйкес 17 қаңтар 2022 жылы
«Кітапты кім және қалай жасаған ?» атты кітапханалық сабақ туралы
Анықтама
№ 44 ЖОББ мектеп кітапханасында «Кітапты кім және қалай жасаған?» атты кітапханалық сабақ өтті.
Мақсаты : білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;
Кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты пайдалануға үйрету;
Көрнекілігі: кітап көрмесі, дәйек сөздер, слайд.
«Кітап қалай пайда болды?» тақырыбындағы кітапханалық сабақ
4 «А» сынып оқушыларымен өткізілді. Сабақта оқушылар кітаптан бұрын қағаз қалай пайда болғаны жөнінде хабар алып, ежелгі кітап баспа станогы жайында және де қазіргі техника дамыған заманда кітап қалай басылып шығатыны жайында бейнебаян тамашалады. Соңында сабақ бойынша сұрақтар беріліп, жауап алынды.