Химия, биология,физика және информатика пәндері бойынша В-2 деңгейін бітірген мұғалімдердің CLIL әдісін қолдану барысы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Химия, биология,физика және информатика пәндері бойынша В-2 деңгейін бітірген мұғалімдердің CLIL әдісін қолдану барысы
18
сәуір
2022

Химия, биология,физика және информатика пәндері бойынша В-2 деңгейін бітірген мұғалімдердің CLIL әдісін қолдану барысы

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

      Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

     Сондықтан бүгінгі таңда рухани жетілген - озық ойлы, шығармашылық әулеті жоғары, көптілде сөйлейтін тұлға тәрбиелеу Қазақстан мемлекетінің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Осы негізде білім және ғылым министрлігінің 22.04.2004 ж. «7-9 сыныптарға Үш тілде оқыту» экспериментін енгізу жөніндегі бұйрығы   негізінде   мектебімізде 2021-2022 оқу жылында «Үш тілде» оқыту эксперименті жалғасуда.

Эксперимент барысында физика пәні үш тілде оқытылуда. Бүгінгі таңда биология пәні терминологиялық негізде ағылшын тілінде жүргізілуде. Информатика пәніне де ағылшын тілі енгізілді және вариативті сағаттар есебінен курстар берілді.   Эксперименттің негізгі мақсаттарының бірі, қазіргі техниканың даму кезеңінде электрондық іздеу жүйесінде барлық ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде екенін ескере отырып, біздің түлектеріміздің ұлттық бәсекеге қабілеттілігін және елдің әлемдік даму жүйесіне тиімді енуін қамтамасыз етуі көзделді.

      “Үштұғырлы тіл” идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігінен астамы ағылшын тілін еркін біледі. Мысалы , Нидерландыда  - 87%, Швецияда 85%, Финляндияда - 60%, Германияда - 51%. Сингапурда білім толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі, жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз.

        Информатика пәні мұғалімі Сұлтанбек Айгүл 8 «Б» сыныбында «Computer seience 8 grade» курсы берілді.

Биология пәні мұғалімі Қарабаева Гүлжан 9 «А» сыныбында «Biology 9 seience 9 grade». Информатика пәні мұғалімі Ақбозова Маржан 9 «В» сыныбында «Computer seience 8 grade» курсы, физика пәні мұғалімі Корпешова Нұрзия 11 «А» сыныбында «Physics is a subject about nature» курстарды жүргізуде. Информатика және физика пәні мұғалімі Калиниченко өзі берген сыныптарында сабақтарын ағылшын тілінде жүргізеді.

         Сабақтарға қатысу барысында барлық мұғалімдер сабақты тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту арқылы ұйымдастырады, білім алушыларға түсініксіз болған сөйлемдер мен сөздердің бірнеше рет қайталанады, тілдік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында иллюстрациялар, бейнематериалдар, презентациялар қолданылады.