08
сәуір
2019
Қош келдің, қазақ әліпбиі!
Қош келдің, қазақ әліпбиі!
Не білемін?
Латын алфавиті туралы не білесіз?
Латын әліпбиіне көшу туралы саяси шешім шықты. Сондықтан оған көшеміз бе, көшпейміз бе деген сөз болмауы керек. Елбасының шешімі қабылданды. Оған редакция жасаудың, қарсы шығудың қажеті жоқ. Ұтыламыз. Латын әліпбиіне көшеміз дегелі он жыл бойы дайындық жасалған. Елбасы 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан болатын. Одан бері он жыл өтті. Түрлі зерттеулер, жобалар жасалды. Ғалымдардың көпшілігі бүгінгі әліпбиімізге қарағанда, латын графикасының тиімділігі мен оңтайлылығын дәлелдеп жатыр. Салыстыру барысында ұтылмай, керісінше, ұтатынымызды мәлімдеп отыр. Президенттің тапсырмасымен жұмысшы топ құрылып, әр сала бойынша ғалымдар, тіл мамандары, тіпті, Айти (ІТ) мамандары жабылып, қазақ тілін латын қарпімен таңбалаудың ең тиімді нұсқаларын қарастырып жатыр. Латын алфавитінің он түрлі нұсқасы бар екен. Солардың ішінен өзімізге оңтайлы таңбаларды іріктеп шығуда.
Қазіргі таңда біздің ғалымдар бұл міндетті Әзірбайжанның, Өзбекстанның, Түркияның қателігін қайталамайтын негізде іске асырмақ. Оларда кезінде қателіктер көп болғаны рас. Біз компьютерге төл әріптерімізді сыйдыруымыз керек. Қалта телефондарда, компьютерлерде қиналмай жазатындай жағдайды ғалымдар ескеріп, соған лайықтап әріп таңбаларын дайындап қойған. 2025 жылы 100 пайыз толық латын әліпбиіне көшкен ел болуымыз қажет. Оған дейін 12 жыл бар. Бұл аз уақыт емес. Ақырындап үйрене берсек, өзімізге тиімді болады.
Тағы бір айта кетерлігі, латын әліпбиіне түбегейлі көшсек, ана тіліміздің дамуына көп оң әсерін тигізеді. Ғалымдарымыздың жасап жатқаны тек таңба ауыстыру емес, сонымен бірге қазақ тілінің лексикасы, қазақ тілінің фонетикасы, қазақ тілінің морфологиясы, бұрыннан келе жатқан табиғи дыбыс үндестігінің жүйесін жақсы сақтайтын әліпби екені дәлелденді. Сондықтан бұл тек таңба ауыстыру емес, тілімізге түбегейлі, түбірлі өзгеріс жасайтын реформа. Бұны тіліміздің өркендеуіне ерекше әсер ететін, тілді «тұсаған құлыптан» ашатын кілт деп түсінген дұрыс.
Латын жазуына көшу қазақ тілін жаңғыртумен қатар, оның ғасырлар бойы жиналған баға жетпес байлығын молайта түседі. Тіл тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар ұлттық ерекшеліктерді нығайту мен рухани жаңғырудың тетігі болып та қызмет атқарады.
«Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең. Оған әр азамат өз үлесін қосу керек», - дейді еліміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматыда өткен жиынға қатысушылар «Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. «Латын қарпімен біздің тарихымыздың байланысы тереңде жатыр. Оның үстіне, жаңа әліпби заманауи технология тілімен үндес. Сондықтан, бұл – уақыт талабы. Ел руханиятындағы тарихи кезеңнің жауапкершілігі де үлкен»,-дейді Ассамблея өкілдері.
Сондай-ақ, cеминарда баяндама оқыған ҚарМУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бектұрсын Қалиев латын әліпбиінің мынадай тиімділіктерін тізіп берді:
- «Өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені, бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз. Яғни, латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.
- Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік. Мәселен, алаш арыстарының еңбектері.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы. Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады.
Сонымен, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз, 2022 жылы даярлық тобы мен бірінші сыныптан кезең- кезеңімен бастаймыз», – деген шешімге келді ғалымдар.
Міне, ҚР Парламентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын алфавиті.
9-дыбыс апостермен жазылатын түсіндіріп өту
Ё, ю, я, щ, ь, ъ – дыбыстары мүлдем жоқ, латын алфавитінен алынып тасталынғаны тулары айту
Тыңдалым, айтылым, жазылым дағдысы бойынша латын алфавитін тыңдату, айтқызу. Жазылу үлгілеріне мән бергізу. /Видео/
Есте қалған 10 сөзді жатқа жаздыру. Өз-өздеріне тексертіп, бағалату.
«Сен де латынша жазып көр!» деген тапсырмамен мына өлең шумақты латын қарпімен жаз.
Достығымыз достар арылмасын,
Пейіміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шертіссек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын
Латын алфавитімен мына өлең шумақты мәнерлеп оқы, -деп екі топқа беріледі.
Семинар-сабақты пысықтау
«Крестиктер мен нолдіктер»
1 2 3
4 5 6
7 8 9
1. Латын әліпбиінде неше қаріп бар? (32)
2. «Апостер» деген не? (үтір)
3. Латын алфавиті қай күні бекітілді? (26 казан)
4. Апостермен неше қаріп жазылады? (9)
5. Латын әліпбиін қолданатын түркі тілдес мемлекеттерді ата.(Өзбекстан, Туркия, Әзербайжан, Түркіменстан)
6. Кириллица алфавитінен мүлдем алып тасталынған әріптерді ата. (ё, ю, я, щ, ь, ь)
7. Бұрынғы латын алфавитінде неше таңба болған? (25)
8. Даярлық тобы мен бірінші сыныпқа латын қарпі қай жылы енгізілсін деді? (2022ж)
9. 2017 жылы 26 қазақ күні нешінші жарлықпен бекітілді? (№ 569)
Кері байланыс. «Бес саусак»
Рефлексия. «Өзіңе тілегеніңді өзгеге тіле»
Парақшаға латынша өзіне тілек жазады, оқып келесі топтағы адамға тілейді.
Қорыта келе, не білдім? -деген сұраққа жауап береді.
Түйін: «Ел-бүгіншіл, менікі-ертең үшін» деген А.Байтұрсыновтың сөзімен аяқтау.
Қатысып, тыңдағандарыңызға рахмет!