«Діни сауаттылық- қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни сауаттылық- қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел
17
қазан
2019

«Діни сауаттылық- қоғамның тұрақты дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел

«Діни сауаттылық- қоғамның тұрақты дамуының кепілі»
атты дөңгелек үстел

Өткізілетін сынып: 9-сыныптар
Тақырыбы: Діни сауаттылық- қоғамның тұрақты дамуының кепілі
Мақсаты: Діни сауаттылығын арттыру, дін туралы түсінігін кеңейте отырып, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: дін туралы ұлылар ойлары
Түрі: дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған ұстаздар, оқушылар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»- деп жазды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат, сендер дін туралы білім алуға, тануға құқылысыңдар. Елбасымыздың алдыңғы қатарлы елдермен қатар тұруды міндеттеуі де заман талабынан туындап отыр. Сондықтан сендер діни сауатты болсаңдар қоғамның дамуына да ықпал етесіңдер - дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашуды жөн көрдім.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін дін туралы өз ойымызды ашық, еркін айтатын болдық. Олай болса дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - Отанымызды, дінімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, дінін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға тәрбиелеу, дініміздің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
«Діни сауаттылық мәселесі» тақырыбына қысқаша мәлімет оқылынады.
(Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою,талдау)
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде діни сауатты болу, қоғамның дамуына өз үлесімізді қосу сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.



Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1.Діни сауаттылық дегеніміз не?
2.Дін дегеніміз не? Әлемде қанша дін бар?
3. Діннің пайда болуы туралы қай ғалымның пікірін жақтайсыз?
4. Діндерді халықтың этникалық орналасуына байланысты қалай топтастырады?
5. Сенің ойыңша Дін адамзатты неден сақтайды?
6 Мұхаммед пайғамбар және ислам діні
7Ислам дінінің таралуы қалай жүзеге асты?
8Мұхаммед пайғамбар және ислам діні туралы көзқарасың?
9 Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбар туралы қандай аңыз шежірелер бар?102 б
9Мұхаммед Пайғамбардың қалдырған соңғы өсиетінің маңызы неде? 103 бет
10Мұхаммед Пайғамбар қазақтар арасында қалай дәріптелді? 103 -104 бет
11Құран Кәрім неліктен қасиетті саналады?
12Құран кітабы қалай жинақталды? 105 бет
13Мұсылманның бес парызы: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
1. Аллаға иман, періштелерге иман, кітаптарға иман, Пайғамбарларға иман, ақирет күніне иман.
2. Намаз. Парыз намаздар
3. Ораза
4 Зекет
5 Қажылық. Қажылықтың парыздары.

Мұғалім: құрметті ұстаздар, оқушылар. Мен Сіздерге Қағба мен оның айналасы туралы деректерді ұсынамын. (слайд көрсетіледі)
Қағба- биіктігі 13 метр тастан салынған ғимарат. Алып жатқан аумағы 145 шаршы метр. Харам- қағбаны айнала қоршаған үлкен күмбезді мешіт. Мешіттің ортасы ашық алаң. Онда Қағба, хазірет Ибраһимнің орны, Зәмзәм бұлағы бар. Харам мешітінің бірнеше мұнарасы мен есіктері бар. Қағбаның үсті қара матамен қапталған.
Қағба төрт бұрышты. Олар – қара тас тұрған бұрыш, Ирақ бұрышы, Шам бұрышы, Иемен бұрышы. Қағбаның есігі қара тас тұрған бұрышқа жақын. Есік тым биікте болғандықтан, ішке кіру үшін арнайы баспалдақ салынған. Қағбаның іші мәрмәрдан жасалған,сырты сияқты бұл жер де матамен қапталған. Және мұнда қабырғаларға Құран аяттары жазылған. Қағба ішінде басқа ештеңе жоқ.
Зәм-зәм суы
Зәм -зәм құдығы Масжид- ул -Харамның (Қағбаны қоршап тұрған мешіттің аты) ішінде Қағбаның қара тасы тұрған бұрыштан 14,5 метр жерде, 173 см тереңдіктегі жер астында бір бөлмеде орналасқан. Әлемде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір су -осы зәмзәм суы. АҚШ-та зәм -зәм суына тыйым салынбаған. Зәм-зәм суы құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп су болып табылады. Қала суынан айырмашылығы-кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Құрамында жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтордың болуы. Судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәм-зәм суында жүзеге аспайды.

Кім жылдам» сұрақ-жауап өткізу.
1 Дінтану ғылымы нені зерттейді?
2Әлемде қанша дін бар?Дін қаншаға бөлінеді?( )
3Жер жүзінде қанша Пайғамбар болған? Ең соңғы Пайғамбар кім?
4 Ислам діні қашан, қайда пайда болды?
5 Ислам діні ең алғаш рет қайда тарады?
6 Алланың елшісі Мұхаммед Пайғамбар Ислам дініне әуелі кімді кіргізді?
7 Ислам дінін қабылдаған соң елдегі жағдай қалай өзгерді?
8 Алғаш рет Ислам дінін қабылдаған мұсылмандар қандай қысым көрді, қайда қоныс аударды?

«Есім» тренингі
Көп ата-аналар ұлдарына Мұхаммед деп ат қойып жатады? Неліктен?
Балалар, Мұхаммед есімді елге, дүние жүзіне танымал атақты азаматтардың тізімін жазыңдар. Ол азаматтардың жоғары жетістіктерге жетуіне, танымал болуына есімінің ықпалы болды деп ойлайсыңдар ма?

«Тілек шамы» (қорытындылау)
Міне, дөңгелек үстеліміз соңына тақап қалды. Біз сендермен діни сауаттылығы-мызды арттыруға, дін туралы білімімізді кеңейтуге тырыстық.
Тілегіміз, ниетіміз бір болсын дей отырып, «Тілек шамы» жаттығуында стикерлерге тілегімізді жазып, тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Сендердің тілеген тілектерің қабыл болып, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, ұрпағымыз иманды, келешегіміз жарқын болсын! Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, ұтымды ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып, сөзімді аяктаймын.
Сау болыңыздар!