«Керемет жетілік» (танымдық ойын) » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Керемет жетілік» (танымдық ойын)
06
наурыз
2018

«Керемет жетілік» (танымдық ойын)


Пән мұғалімі: Смагулова Айнур Абдрахмановна 

Тақырыбы: «Керемет жетілік»

Мақсаты:

-Оқушыларды әлемнің, Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке   деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу.

- Аймақтың мәдени мұраларымен терең таныстыру, ерешелігін көрсету.

- Туған өлкенің тарихи жәдігерлерінің ерекшелігін ашып көрсету.

- Оқушылар бойында туған жерге деген құрмет сүйіспеншілік сезімін арттыру.

Түрі: танымдық ойын

Көрнекілік: Нақыл сөздер, презентация, суреттер, бағалау парағы.

Ұстанымы: «Өткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз»

<!-- [if !supportLists] -->1.     <!-- [endif] -->Ойыншыларды ортаға шақыру, ұстанымдарын тыңдау.

<!-- [if !supportLists] -->2.     <!-- [endif] -->Әділ- қазылар алқасымен таныстыру.

БАРЫСЫ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін маған керек емес ертегі,  

                                             Ертегіні өз басымда шертеді.

                                             Тарих керек іргетасы халықтың,

                                             Іргетассыз қаланбайды ертеңі.

«Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады, қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша – бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп  тұрады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн,  Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдай атымен байланысты болып, олардың  құрметтіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректерде  жеті деген санға табынды.

         Қазақстан- тарихи және мәдени мұраға бай мемлекет. Ескерткіштердің  саны және әртүрлілігімен Қазақстан, Үндістан, Қытай, Жерорта теңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және ашық аспандағы мұражай болып санасады. Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 000 асады. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздің рухани-мәдени өміріндегі айтулы құбылыс болды. Алғашқы кезеңде, негізінен, тарихи мұраларды іздестіру, анықтау, жинастыру шаралары атқарылып, одан кейінгі жылдарда сол құндылықтарымызды сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға айналдыру міндеттері мақсатты түрде жүзеге асырылды. Осы уақытқа дейін елімізде тарихи-мәдени маңызы зор 70-тен астам  ескерт­кіш күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта қалпына келтірілді, ел аумағындағы ескі қалашықтар мен қоныстардың, қорғандар­дың 40-қа жуығына археологиялық ірі зерттеулер жүргізілдіБұл салада  Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар ма?- Ендеше құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі танымдық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

<!-- [if !supportLists] -->1.    <!-- [endif] -->Жамбыл облысының жеті кереметі

<!-- [if !supportLists] -->2.    <!-- [endif] --> Қазақстанның жеті кереметі

<!-- [if !supportLists] -->3.    <!-- [endif] -->Әлемнің жеті кереметі

Әр кезең 2 айналымнан тұрады.

1-кезең –Жамбыл облысының жеті кереметінің айналымы:       1. «Кім жылдам?»

                                                                      2.«Алтын қақпа»

«Кім жылдам?»

 айналымы 7 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

<!-- [if !supportLists] -->1.     <!-- [endif] -->Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет –құрылыс мәдениетіне керемет болып саналатын ескерткіш?

                                                             Айша бибі кесенесі

<!-- [if !supportLists] -->2.     <!-- [endif] -->Бұл ежелгі діни орындардың бірі, 7-11 ғ ислам дінінің келуіне дейін құрыла бастаған комплекс?                                                            Тектұрмас кесенесі

<!-- [if !supportLists] -->3.     <!-- [endif] -->Аңыздардың түрлі варианттары бұл құрылыстың салынуын және аяқталмаған себебін білдіреді?                                                Ақыртас сарайлық комплексі

<!-- [if !supportLists] -->4.     <!-- [endif] -->Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған?                  Бабаджа Хатун

<!-- [if !supportLists] -->5.     <!-- [endif] -->Бұл құрылысқа жылыту жүйелері қолданылған?                  Кали-Юнус моншасы

<!-- [if !supportLists] -->6.     <!-- [endif] -->Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған кесене?                                  Бабаджа Хатун

<!-- [if !supportLists] -->7.     <!-- [endif] -->Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан мемориалдық кешені?                                                                                 Тектұрмас

2-ші айналым: «Алтын қақпа»

Күміс қақпа сұрақтары:

20 ұпай:  130 жыл зерттеліп, қазірде зерттелу үстіндегі комплекс?

Ақыртас сарайлық кешені

30 ұпай: Шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы?                                      Айша бибі

40 ұпай: Ислам кезеңінде салынып, 1935 жылы жойылған қай кесене?

                                              Тектұрмас кесенесі

            Алтын қақпа сұрақтары:

20 ұпай:  20 ғасырдың 50 жылдарына дейін істе болған құрылыс?

 Кали-Юнус шығыс моншасы

30 ұпай: Бұл комплексті Ұлы Жібек жолындағы ортағасыр қаласы Қасрибаспен теңестіреді?                                                                 Ақыртас сарайлық кесенесі

40 ұпай:  Дәстүрлі порталды- куполды формысында  12 ғ Ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан кесене?                                                                      Дәуітбек кесенесі

 

Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі», «Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған. Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» саяхатқа аттанайық. 

Бұл кезеңде 2 айналымнан тұрады:         1. «Сен білесің бе?»

<!-- [if !supportLists] -->2.    <!-- [endif] -->«Жеті жұлдыз»

 

«Сен білесің бе?» айналымы 15 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

 

1.Өз өмірінде өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын?

Қ.А. Яссауи 

2. Араға неше жыл салып қасиетті Тайқазан өзінің тарихи тұғырына аспабы?        54 жыл 

31969-1970жылдары тарих ғылымдарының докторы, академик Кемел Ақышев бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары нәтижесінде Алматы қаласына 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан не табылды?                                                  Алтын киімді адам

4. Қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы?    Домбыра

5.1369-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші?                                                                                                     Қ.Я.Яссауи

6. Әкесінен жастай жетім қалған Күлтегін, кімнің тәрбиесінде өседі?

ағасы Қапаған қағанның

7. «Бәйтерек»кешеніндегі  алтын шардың үстіңгі ауданы?                                      1553 м

 

2-ші айналым: «Жеті жұлдыз»  Әр жұлдыз 10 ұпаймен бағаланады.

 

1-ші жұлдыз: «Музыкалық сұрақ» Мына музыка қай қала туралы және осы қаладан жеті кереметтің қайсысы табылды?                  «Сағындым Алматымды» Алтын киімді адам

2-ші жұлдыз:   Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұратын  кешенді ата?                                                                                             «Бәйтерек» монументі    

 

3-ші жұлдыз:     Тайқазанға қажетті қорытпа шығаратын тастап жинаған кеніштерді 

                             ата?                          Ащысай, Мырзалы сай      

         

4-ші жұлдыз: Тамғалы кешенінің негізгі өзегі не? Шатқалдағы 3000-ға жуық петроглифтер

5-ші жұлдыз: «Музыкалық сұрақ» Мына музыка қай қала туралы және осы қаладан жеті кереметтің қайсысы табылды?                                                             Астана, «Бәйтерек»

6-ші жұлдыз:   Домбыра тиегі қанша түрлі болады және оларды ата?

                                                                3 түрлі, шайтан, негізгі, табалдырық тиек

7-ші жұлдыз: Қ.А.Яссауи алғаш білімді кімнен алды?

Жергілікті дінбасы Арыстан бабтан

 

Келесі  әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ- б.з.д 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштерін салдырған.

         Талайды таңғалдырған Әлемнің жеті кереметі жеті үшін біз бірнеше асулардан асуымыз керек.

Олар: 1. «Зымыран сұрақтар»

           2. «Суретті жұмбақ»

«Зымыран сұрақтар»  айналымы 7 сұрақтан тұрады, әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланды. 

<!-- [if !supportLists] -->1.    <!-- [endif] -->б.з.б. III - мыңжылдықтың I - жартысында Гиза қаласы  маңындағы  Ливия шөлінде  

салғызған кереметтің бірі?                  Хеопс  пирамидасы

2.1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде қай кереметтің  қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады?                 Семирамида аспалы бағы 

3. "Әлемнің жеті кереметінің” бірі- Зевстің алтын мүсінін сомдаған кім?

Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий

4."Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс?                                                                                 Александрия шамшырағы 

5. Галикарнас кесенесінің биіктігі неше метр?                                             40-45 метр 

6. Салынуы 120 жылға созылған, құрылыс сәулетшілер Пеонит пен Деметра  

    болған құрылысты ата?                                                  Артемида ғибадатханасы 

 

7. 5000 жыл бұрын тұрғызылған пирамидалардың ең көнесі ? Джосер пирамидасы

2-ші айналым: «Суретті жұмбақ»   Әр сурет 10 ұпаймен бағаланады.

 

   1-ші сурет: Мына сурет туралы не білесің?   Семирамида аспалы бағы

 

    2-ші сурет: Мына сурет туралы не білесің? Зевс мүсіні

 

   3- ші сурет:  Мына сурет туралы не білесің?    Артемида  ғибадатханасы

 

   4- ші сурет: Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін, зор ескерткіштің кереметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған бұл қай ескерткіш?                    Родос алыбы

 

  Табаны төрт бұрышты болып басталады да, жоғары қарай басқыш

 тәрізді көтеріліп, көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған, ұшар басы сүйірленіп бітетін қай құрылыс?                                                                   Хеопс пирамидасы

 

   Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше 

                    еселеніп, өте алыстан көрінетін болған бұл қай құрылыс?  

 Александрия  шамшырағы

  Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді?                                Галикарнас кесенесі

 

 

Болашаққа үндеу

 

«Сен келешекте сәулет өнерінің иесі болдың делік . Өзіміздің Мерейлі Меркі жерімізді тарихта жеті кереметтің бір болып  табылатын қандай туынды  жасар едің. Себебін ашып айт.»

 

Марапаттау:

 Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!

 

Қорытынды сөз: