Білім күніне арналған алғашқы сабақ тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын» » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім күніне арналған алғашқы сабақ тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
04
қыркүйек
2017

Білім күніне арналған алғашқы сабақ тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»

 

№ 44 орта мектеп

 

 

 

 

 

«Мен өз елімнің патриотымын»

 

 

 

 

 

 

 

 

сынып жетекші:Смагулова Айнур Абдрахмановна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісемін»                                                                                                                     «Бекітемін»                                                                                                                             

Директордың тәрбие                                                                                 № 44 орта мектеп директоры:

ісі жөніндегі орынбасары:                                                                              _________Н.А.Конкабаев

________ Г.Қ Даулетова                                                                                               

 

 

Білім күніне арналған алғашқы сабақ тақырыбы:

«Мен өз елімнің патриотымын»

Мақсаты:

Отанын сүюге,байлығын қорғауға ,бірлікке, ел тарихын біліп,  қастерлеуге тәрбилеу; Жолдауды жан- жақты талқылап, ой бөлісу. Оқушыларға дамудың 2050 жылға дейінгі стратегиялық жоспарымен таныстыру.  Елбасы жолдауының қоғамда жастар үшін алатын орнын айқындау,еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Міндеті:

<!-- [if !supportLists] --> Ø <!-- [endif] --> Оқушылардың өздігінен білім алу;

<!-- [if !supportLists] --> Ø <!-- [endif] --> Өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру;

<!-- [if !supportLists] --> Ø <!-- [endif] --> Ізденушілікке  талпындыру;

<!-- [if !supportLists] --> Ø <!-- [endif] --> Ой қорытып, оны жеткізе білу;

<!-- [if !supportLists] --> Ø <!-- [endif] -->  

Күтілетін нәтиже:

«Мәңгілік ел» идеясын түсініп, жеткен жетістіктерімізді саралай алады және болашаққа барар жолдың жаңа мүмкіндіктерімен танысады.

 

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

А) Сәлемдесу;

Ә) Фигуралар арқылы топқа бөлу

          1-ші топ- «Ата Заң» тобы

          2- ші топ- «Болашақ» тобы

          3-ші топ- «Тәуелсіздік» тобы

Б) Құттықтау.

Мұғалім:Қымбатты оқушылар, сендерді жаңа оқу жылы  Білім күнімен және Конституция күнімен құттықтаймын!

Елбасы 2016 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2016жылы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Ұлт –азаттық қозғалыстың 100 жылдығын атап өтудеміз.

Осыған орай бүгінгі алғашқы сынып сағатымыз «Мен өз елімнің патриотымын»

 деп аталады.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз рәмізі бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.

Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Астананы салдық.Бүгінде әлемдік қауымдастық үшінҚазақстан мен Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті.Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісіретінде орнықты.Біздер, қазақстан-дықтар, Астананы асқақтату арқылы дүниежүзінде өзімізді–келешегі кемел, әлеуетіқуатты мемлекетекенімізді таныттық.

          Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: Жастарымыз салт - дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс, деп сендерге үлкен үміт артып, сенім білдіріп отыр. Жиырмадан жаңа асқан жас мемлекет болсақ та көп жетістіктерге жеттік. Сондықтан да біздің бүгінгі өтетін«Мен өз елімнің патриотымын»тақырыбындағы білім күніне арналған алғашқы сабағымыз сендерге үлкен ой тастар деп ойлаймын.
ІІ. Ой талқы жасау. (Сыныпты топқа бөліп, әр топқа өз атаулары бойынша тапсырма беріледі.)

Мұғалім :

Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,
Шықтық бір көтеріліп дөң белеске.
Содан бері Ата заң негізінде,
Қаншама заң өмірге келді емес пе?!

«Ата Заң» тобы-

Құралай: Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп - өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Ата Заңын 21 жыл толып отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан - кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата - бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Б.Айгерім:Биыл Конституцияға 21 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Аслан:Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Олзаңныңбарлық  тілдердегімойындалған  атауы-Конституция.

   Лаура:Еліміз 1995 жылыөзініңталғам–талқысынан  өткенбастықұжатыКонституциясынжүрекқалауыменқабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмасжарғысыболған Конституция біздіңбаршажарқыністеріміздіңқайнарбастауынаайналды.

   Бибісара:Қастерлі  құндылығымыздыңқағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың 

нәтижесін-де  бізқысқамерзімде  мызғымасмемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігіміздітұғырлыеттік.АтаЗаңтәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздыңкепіліретінде  біздіңбірлігімізді  бекемдеп, елдегітұрақтылық  пен  татулықтыңберіктұтқасыболды.

    Конституция мемлекеттікбиліктіңқайнаркөзі  халықтыңөзіекенінайқындады. Жаңа   Конституция қабылдауарқылыҚазақстан  жаңадәуіргеқадамбасты. Осы мерейлі  межегебиыл21жылтолыпотыр.

    «АтаЗаңым» меніңқуатым, сенім, мақсат, мұратым!

Мұғалім:Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жахандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті,Астана Экономикалық форумы,,Инвестициялық форум, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп , абыройын асқақтатты. Ең бастысы даму бағытын айқындап берді.Осындай істердіңжалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЕХПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алдық. Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған,"экспонат" деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер.Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.

«Болашақ» тобы-

Назерке: ЭКСПО-ның негізін қалаушысы болып ғылымға қызығушылық танытқан Ұлыбританияның  ханзадасы  Альберт есептеледі. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 163 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрме ғимаратынаның ең үздік сәулет өнері жобасы байқауында әйнектен жасалатын ғимарат - Хрустальді сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстон жеңіске жеткен.Викториандық дәуірді дүр сілкіндірген сарай қазіргі күнге дейін сақталмаған.1936 ол өртеніп кеткен.Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Бірақ құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар. Көрмеден түскен пайда комақты болған - шамамен 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше мұражайларының құрылысына, солардың ішінде, әйгілі Виктория мен Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған. Ұлыбританияның екінші көрмесі 1867 жылы,ал үшінші көрмесі 1924 жылы  өткен.     

Жансая:Парижде 1925 жылы Дүниежүзілік көрмеде қазақтың дарынды әншісі Ә.Қашаубаев қатысқан.Ол этнографиялық концертке қатысып, байқаудан екінші орынды иеленіп, күміс медаль алған еді. Әміре аты әлемге танылған әйгілі Энрико Карузо және Марио Ланца сынды әншілерді басып озды деуге болады. Қазақ әншісінің ән орындауының арқасында бүкіл әлем біздің елді, қазақ музыка өнері туралы, қазақ елінің ұлттық киімі жайлы білді.

1893 жылы Чикаго қаласында, Америка құрлығында екінші рет Бүкіләлемдік әмбебап көрме ашылды.Ал 1893 жылғы Чикаго көрмесі Христофор Колумбтың Американы ашқанына 400 жыл толу құрметіне арналды.Христофор Колумбтың құрметіне бұл әлемдік көрме «Колумбтық» деп аталды. 1893 жылғы Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жалауы Чикаго қаласында жарты жыл бойы – 1 мамырдан 30 қазанға дейін желбіреді. Осы уақыт аралығында бұл көрмені дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген 21 миллионнан астам адам тамашалады.

Данияр:ЭКСПО-2010 — 2010 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өткен дүниежүзілік көрме. 2010-жылғы көрме тақырыбы: "Жақсы қала - жақсы өмір".Көрменің жалпы ауданы - 5,28 шаршы шақырым. Көрмеге 190-нан астам ел және шамамен 73 млн. адам қатысты. Ұйымдастырушыларға шара 12 млрд. доллар пайда әкелді. Орта бизнес табысы, кем дегенде 20 пайызға артты.Қазақстана павильоны "Азия" аймағында Жапониия мен  Оңтүстік Кореямен көршілес орналасқан. Шанхай ЭКСПО-2010-дағы Қазақстан павильонының басты мақсаты – Астананы халықаралық деңгейде әлемдегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан елдің астанасы ретінде таныстыру. Қазақстан ұлттық экспозициясының тақырыбы "Астана – Еуразия жүрегі". Павильонға 1млн.жуық адам келді.                                                                    

ЭКСПО -2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.

Ақтолқын:ЭКСПО - ның пайдасы қандай?                                                                      

Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.Бұл дегеніңіз жаңа жұмыс орындары.Екіншіден, Астана мен оның маңындағы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.Үшіншіден,елімізге шетелдік туристер ағыны күшейетіні белгілі.Көрмеге үш айда 100 елден  5 млн. адам (күн сайын 50 мыңдай) келеді деп күтілуде.Төртіншіден,ЭКСПО болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық- экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді.

Мұғалім : Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның тәуелсіздігіне  25  жыл толатынын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл – қалың қазақты бір жасатып тастады.

Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

«Тәуелсіздік» тобы-

Елана: Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
1986 жыл, 16 - желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Ақжан:Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 

Рүстем: Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.

Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!

Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап, отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды.

Құралай:Атамекенінен айырылып, атажұрты тарылып, көбейген елден төбелдей елге айналғаны қаншама. Ал бізде – ел де бар, жер де бар. Ең бастысы, Елбасының сарабдал саясатының арқасында абыройы артқан, төрткүл дүниеге мүмкіндігін мойындатқан мемлекетіміз бар. Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығы - тәуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ пен елдіктің тойы.Міне, шарықтайтын кезіміз – осы!

ІІІ. Шығармашылық жұмыс

Әр топқа шығармашылық тапсырма беріледі. Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстанның ертеңі біздің қолымызда». Аталған тақырып бойынша оқушыларға                 формада парақ беріледі. Сол параққа топ мүшелері ұсынылған тақырып бойынша мини- жоба жасайды.

 

ІV  . Мини- жобаны қорғау

(тақтада топтардың жасаған жұмыс парақтары ілінеді. Топ жетекшісі қорғайды).

<!-- [if !mso] -->

<!-- [endif] -->

 

<!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] --> <!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] -->

 

<!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] --> <!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] -->

 

<!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] --> <!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] -->

Президент

Н.Ә.Назарбаевв

 

<!-- [if !mso] -->
<!-- [endif] -->  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


<!-- [if !supportLists] --> -                     <!-- [endif] -->  Біздің жасаған фигураларымыз Астананың қандай басты символының фундаментіне ұқсайды?

<!-- [if !supportLists] --> -                     <!-- [endif] --> Қазақстан жұртының бір халқын, бір елін, бір тағдырын кім шаңырақ астына біріктіріп отыр?

<!-- [if !supportLists] --> -                     <!-- [endif] --> Біз құрып шыққан фигура Астананың қандай символына ұқсайды? Бұл ғимараттың атауы қандай?

V. Ассоциация құру (тілекайту)бойыншакерібайланысұйымдастыру.

VІ. Қорытынды:

Мұғалім сөзі:

Бүгінгі сынып сағаты өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан оқушылар болашағына көп жаңалық өздері үшін ашқан секілді...   

Ендеше бүгінгісынып сағатының түйіні біреу ғана-Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да,бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек!

Тарихта Есімханда болды ескі жол,

Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз-деп, сынып сағатымызды аяқтаймыз.