Біз діни экстремизмге қарсымыз
(«Біз айтпасақ кім айтады» бағдарлама желісімен)
Тақырыбы:"Біз діни экстремизмге қарсымыз”
Мақсаты:
Білімділік:Діни экстремизмнің қалыптасу жолдары мен қоғамдық құрылысқа тигізер ықпалын
анықтау. Оқушылардың белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың діни
экстремизм мен терроризм туралы ой-өрісін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін
арттыру.Оқушылардың бойында гуманистік дүниетанымының негіздерін, рухани-
адамгершілік құндылықтардың жүйесін қалыптастыруға ықпал ету.
Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін
оқушы бойына сіңіру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз Отанына
құрметпен, қарауға,ұлт жандылыққа,мәдениеттілікке адамгершілікке,діни
түсініктік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Қоғамдағы діни экстремизмнің жеке мүдделік бағыт-бағдарымен негізгі мақсатын түйсіну. Одан сақтанудың жолдарын алдын ала ұйымдастыру жақтарын қарастыру.
Түрі: ойталқы, пікірталас.
Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар, нақыл сөздер
Сабақ барысы:
Кезінде Мiржақып Дулатұлы «ОЯН, ҚАЗАҚ!»
өлеңінде
Көзiңдi аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, дiн нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, ендi жату жарамас-ты, - деп айтқан
болатын. Бұл өлеңнің мағынасы баршаға түсінікті болғандықтан біз әрі қарай дін
мәселесі туралы сөз қозғайтын боламыз.
Дариға: « »
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар және болашақ еліміздің жастары!
Талай тақырыпты талқыға саламыз,
Сансыз сауалдарға жауап табамыз.
Діни экстремизмге қарсымыз
Бағдарламамызды үзбей қараңыз.
Мұнда бәрі ортаға ой салады
Мәселелер жан-жақты қозғалады.
Басқалар тілге тиек етпей тұғын
Бұл жайлы біз айтпасақ кім айтады?
Егемендік алып, дінге деген бетбұрысымыз көбейіп қуанған жағдайға жеткен едік. Алайда, ол қуанышымыз көпке бармай, теріс ағымдардың ықпалына жастарымыз еріп, оның арты келеңсіз жағдайларға ұласты. Сонымен қатар деструктивтік діни ағымдардың әрекеті алдымен идеологиялық жұмыстарды жүргізіп, кейін террорлық актілерге көшті. Демек, бұлардың қауіптілігі күн сайын ұлғайып, діни сауаты төмен жастарды мемлекетке, қоғамға, ата-анаға қарсы қою тәсілдерін жүзеге асыруда.
Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады.Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді?, Діннің адамдарға пайдасы мен зияны?-деген сансыз сұрақтарға жауап беретін бүгінгі бағдарламамыздың қонақтарын ортаға шақырайық!
1.Дінтанушы: Жанұзақ Динара
2.Саясаткер:Жанұзақ Дариға
3.Тарихшы : Мырзахмет Нұрсәт
4.Тілші: Талғат Нұрай
5.Құқық қорғау органының басшысы :Жанұзақ Бақтияр
6.Қауіпсіздік комитетінің төрағасы:Хужабай Қалдыбек
7.Жас Отан Жастар қанатының мүшесі: Мырзахан Бекжан
8.Педагог-психолог : Махан Нұрсұлу
9.Заңгер: Жұматаева Салтанат
Жүргізуші:Динара ханым, экстремизм деген не? Біздің елімізде калай, кайдан пайда болды? Олардың көздеген мақсаттары қандай?
Дінтанушы: Соңғы онжылдық ішінде діни ағымдар, олармен байланысы бар экстремистік
құбылыстар туралы естиміз. Осы бағытта әр түрлі экстремистік және террористік
ұйымдар пайда болып, жаһандық қауіпсіздік үшін үлкен қауіп төндіруде. Бұл
мәселе бүкіл әлемге ортақ індет болғандықтан және ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен
ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда.Еліміз
тыныштығы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан -2030" мерзімді
даму стратегиясының 7 басымдылығының алғашқы екеуіне тікелей байланысты фактор
болып табылады. Сондықтан біз бұл мәселені қозғаудамыз.Бүгінгі айтылатын екі
ұғымның да исламға ешқандай қатысы жоқ. Ислам сөзі арабтың тыныштық,
бейбітшілік деген ұғымын білдірмей ме?
Экстремизм(латын тілінен–езіп,жаншу.
)қоғамдық нормалар мен мемлекеттік ережелерге қатысты радикалды түрде терістеу
арқылы әрекет жасайтын топтар немесе жеке тұлғалардың теріс пиғылды ісі.
Саясатта ең төменгі көзқарастарды көрсететін
категория.Саясат, сонымен бірге басқа таптарға, жіктерге, жеке саясаткерлерге, қауымдастықтарға,
билік құрыламдарына және мемлекетке күш қолдану іс-әрекет қарым-қатынасына
құрылған. Жалпы көрінісі бойынша қоғамдағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды
радикалды түрде жоққа шығарып, соңғы көзқарас пен іс-әрекетке жақын
тұрғандығымен сипатталады.
Діни экстремизм–діни жамылғы жамылған, діни қызығушылыққа
мемлекеттік құрылымға күш колдану арқылы, билікті күшпен басып алу, мемлекеттік
тұтастығына, егемендігіне нұқсан келтіретін, осы мақсатқа сәйкес діни қастандықты қоздыратын
іс-әрекет. Діни экстремизм–бұл діннің шеткі көзқарас пен іс-әрекетке бағытталуы.
Осындай экстремизмнің негізін күш қолдану, қатыгездік, агрессия кұрайды.
Діни экстремизм–бұл діни ықпалдастырылған іс-әрекет,
осы мақсатта діни қастандықты, жеккөрушілікті қоздырушы, егемендікті және мемлекеттің
территориялдық біртұтастығын бұзуға бағытталады.
Жүргізуші:Өз ойыңызды жүйелі жеткізгеніңізге рахмет,ендігі сөз тізгінін тілші ханымға берейік
Тілші:Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм. ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық
актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундементализмен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр.Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлітоптар осыны пайдалану арқылы саясиэкономикалық мәселелерді шешугетырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар деп түсіндірді.
Оларды Елбасы былай деп атап көрсетті: Халықаралық терроризмнің кең қанатжайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси әлеуметтікжәне экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардыңтарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп». 2001 жылғы
11 қыркүйектегі АҚШтағы болған террорлық акт жаңаша сипат алып, терроризммен күрестің бұрын тарихта болмаған халықаралық жаңакезеңіне негіз болды. Ал Орталық Азиядағы орын алып отырған дін атын
жамылған экстремизм мен терроршылдықтың саяси әлеуметтік негіздерін зерттеу өте актуальды мәселе.
Біріншіден, дінге байланысты экстремизм мен террор кеше мен бүгін ғана пайда
болған құбылыс емес. Оның ертеден келе жатқан тарихы тамыры терең. Қазіргі лаңкестік әрекеттердің мәнін түсінуде адамзат тарихындағы діни көзқарастар менсаясаттарды ғылыми жағынан зерттеудің маңызы ерекше. Өйткені ол, осы кездегідіни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздерін анықтауға жәрдемдеседі.
Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан Орталық Азияға қақпа рөлін атқарып тұр. Себебі, мұнда негізгі интелектуалдық және техникалық потенциал және үлкен
табиғи ресурс шоғырланған. Қазақстан әрі Европалық, әрі Азиялық мемлекет. Орталық Азиядағы діни экстремизм мен терроризмнің Қазақстанға тигізер ықпалы қандай? Ауғанстандағы талибандарға, АльКаеда ұйымдарына соққы бергенімен, ортаазиялық мемлекеттерге діни экстремизм қауіпі сейілген жоқ. Мұндахалықаралық экстремистік ұйымдардың ұялары сақталған.
Тарихшы: Ислам араб сөзі, аллаға бойынұсыну деген мағына білдіреді, Ислам діні VІ ғасырдан Арабия түбегінен тарай бастады, Ислам діні әлемде 1,3 млрд адам ұстанады, және де мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекеттер де бар, Ислам діні бүкіл әлемде көк пен жерді жаратушы, Аллаға ғана сенуді уағыздайды. Ал ислам дінінің алғышартының бірі Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік беру. Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді, Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ, ислам дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден?,- соны қарастырып көрейік.
Жүргізуші: Осы тұста өз ойларыңызды ортаға сала отырыңыздар.
Қауіпсіздік комитетінің төрайымы: Қазірде
елімізде жайлып келе жатқан кері діни ағымдар мен секталар көп.Елімізде конфессиялардың саны
тым көбейіп, олардың саны 45-ке жетті.Солардың
бастысы Уаһһаб Уаххабилік - діни – саяси ағымы.
Мухаммед ибн Әбдел бастамасымен VІІІ ғасырда Арабстанның Нәжд өлкесінде пайда
болған. Мұхаммед пайғамбарға сыйынудың қажеті жоқ деп есептейді. Қайсы
бір теріс ағымдағы секталарда отбасынан ажырасып бөлек тұру, транс күйге түсіру
бағдарламалары пайдаланылады. Бұлардың бәрі теріс бағыттар.
Бастысы қауіпті діни әдебиетке тыйым
болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес. Экстремизмге қарсы күрестің
бірден - бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы
мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтседе жасөспірім балалар үшін ақпарат
құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, секталардың, экстремистік топтардың
қауіпі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік
сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай
білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, отыру керек
деп ойлаймын.
Заңгер: Елімізде 2005 жылдың 18 ақпанында «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы» Заң қабылданды. Осы заңның 10 - бабы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік
органдарының шет мемлекеттердің органдарымен және халықаралық ұйымдармен
экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс - қимылы» деп аталады. Осы бап жоғарыда аталған
БҰҰ - ның «Ғаламдық террормен
күрес» стратегиясына сәйкес еді.
Демек, еліміз аталған стратегиядан бір жыл бұрын қабылданған заңы арқылы
экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге дайын.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шанхай бестігі»деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс - шараларын айтуға болады.
Құқық қорғау органының басшысы:Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм
деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан
жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен
қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын
объективті түрде түсіндіріп көретін болсам, экстремизм(ехtгеmus)
деген латын тілінен енген термин, сөздің
мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан
көзқарас пен іс -әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.
Сонымен қатар, бұл –тікелей
немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет
түрі.
Экстремизмнің негізгі белгілері менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық
жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық
құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді
- кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз
басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл
және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша
азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни
конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
Жүргізуші:Соңғы
кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса өзекті болып
отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық
түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және
қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Бұл жағдаят адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді.
Ендеше тақырыбымызға тұздық болу үшін мына бейнефильмге назар салсақ.
(Діннен адастыратын теріс ұғым)
Енді оқушыларымыздың бейнефильмге байланысты өз пікірлерін тыңдайық Саясаткер:Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп – салдары Қазақ елінің соңғы бір жылдан бері үсті - үстіне болған жарылыстардан ұйтқысы қашып, мазасы кете бастады. Өткен жылы Ақтау абақтысынан басталған діни дүрбелең, іле - шала Ақтөбеде, Қазір халық енді қай жерде дүмпу болады деп үрей құшағында өмір сүруде. Бұл жағдай елімізде ең маңызды жоғары мәселе болып отыр. Діни эктремистердің жетегіне еріп кететіндердің ішінде қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы мен отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді. Көптеген жасөспірімдер мен мемлекетіміздің болашағы болатын жас ұрпақтарымыз Йегова куәгерлері, Кришна сектасы, Саентология шіркеуі, т.б. секталарға кіріп, өздерінің қандай бағытта өмір сүріп жатқандығын, қандай секталық бағытқа бара жатқандығын білмей ата-аналарының айтқандарынан шығып, өмірде дұрыс емес, бұрыс жолдарға түсіп кетіп жатыр. Бұл мәселемен мемлекет және Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы мен қоса қоғам болып күресу керек. Сонда ғана нәтижелі жұмыстың жемісін көруімізге болады.
Педагог:Бүгінгі күні мектептегі дінтану
негіздері пәнінің маңызы зор. Оқушылардың бойына діни санасы мен діни білімін
қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Еліміз бойынша мектептерде «Дінтану
негіздері»пәнінің оқытылуда маңыздылығы басым болып отыр. Мұны дұрыс шешім деп
қабылдауымыз керек. Қазақстан билігі діни бостандықты
жариялағанымен, діни ахуалға сергек қарау үшін теология ғылымын дамытуы тиіс
еді. Алайда, Кеңес дәуірінде елімізде дінтану ғылымының негізі қаланбаған
болатын. Осының әсерінен алғашқыда біздің еліміз теолог - мамандарға аса зәру
болды. Қазір де шынайы дінтанушылар тапшы десек, қателеспейміз. Ал пәнге арналып жазылған оқулыққа да
көңіліміз тола қойған жоқ. Ғарифолла Есім жетекшілік еткен топтың жазып шыққан
оқулығында жалпы дінтану жайлы көбірек айтылды. Яғни, бұл оқулық белгілі бір
деңгейде жақсы жазылған еңбек болғанымен, қоғамның сұранысын толық
қанағаттандыра алмайды. Оқулықтардағы әлсіз мәліметтердің діни экстремистік
ақпараттарға антивирус қалыптастыра алмайтынын елімізде орын алған соңғы
оқиғалар дәлелдеп берді. Діни кітаптар шығарып жүрген бұрынғы Бас
мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі осы уақытқа дейін 10-ға жуық үлкенді кішілі
кітаптар жазған екен. Негізгі тақырыбы исламның адамгершілік, ынтымақ пен
бірлік діні екендігі, ислам ғылымы жайында жазылған еңбектері бар.Жан-жақтылық танытып осындай тура жолдағы діни әдеби
оқулықтарды оқып жүруіміз шарт.
Жас Отан жастар қанатының мүшесі: әрбір азамат қоғам
тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы
ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет
болып бізге жеткен «Бақ қайда
барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі
күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер,
төртеу түгел болса төбедегі келер» деп
елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік
экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен
ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес.
Жүргізуші:Құрметті көрермеңдер бізде тікелей эфир болғандықтан қонақтарымызға көкейкесті сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады.
Жүргізуші: Елбасымыз «Діни экстремизм -ол адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі.Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құр