Мейірімді жүрек, жылы тілек
«Мейірімді жүрек, жылы тілек» акциясының
Анықтамасы
№44 жалпы орта білім беретін мектебінде 24 ақпан күні мектепішілік жоспарға сай әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек, жылы тілек» қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның мақсаты: алғыс айту мерекесі аясында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, көңіл күйлерін көтеру, қамқорлық көрсету.
Мектептің АКТ залында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатысуымен «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» тренингі ұйымдастырылды. Тренинг мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйлерін көтеру, шаршағандарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.Тренинг барысында оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру. Оң жақ сол жақ көршілермен арқаларын тигізу арқылы амандасу, оң жақ сол жақ тізелерін тигізіп бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір-біріне тілектерін айтты.
Мектептің әлеуметтік педагогтары қайырымдылық акцияны ұйымдастыру мақсатында мектеп ұстаздарымен жергілікті меценаттарға әлеуметтік желілер арқылы үндеу хаттар таратып, байланыс орнатты. Нәтижесінде сынып жетекшілер «Тәтті тоқаш» жәрмеңкесін ұйымдастырып, жәрмеңкеден жиналған сомаға тұл жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына және аз қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсетілді. Көмек ретінде балаларға аяқ киім мен красовкалар сыйға берілді.
Атап айтар болсақ: аз қамтылған отбасынан шыққан 10г сынып оқушысы Шарипова Даянаға размері 46 жылы красовка 14 000 (он төрт мың) теңгеге берілсе, тұл жетім 9д сынып оқушысы Левшина Данаға 39 размер красовка 9000 (тоғыз мың) теңгеге берілді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ағайынды Елюбаевтар отбасындағы: 5в сынып оқушысы Елюбай Ернарға 36 размер демисезонный туфли-красовка 7 500 (жеті мың бес жүз ) теңгеге, 9в сынып оқушысы Елюбай Фаризаға 37 размер красовка 8 000 (сегіз мың) теңгеге, 11б сынып оқушысы Елюбай Ернұрға 41 размер 8000 (сегіз мың) теңгеге красовка сыйға берілді.

