Қайырымдылық керуені » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық керуені
09
ақпан
2022

Қайырымдылық керуені

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген           «Қайырымдылық керуені» акциясының                                          Анықтамасы


8.02.2022 жыл 


     Ақпан айының 8 күні Меркі ауданы білім бөлімінің  жылдық жоспарына сәйкес мектепте «Қайырымдылық керуені» атты акция өткізілді.

Мақсаты: аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп отырған оқушыларға әлеуметтік қолдау,  көмек көзін көрсету.

     Әлеуметтік педагогтар тарапынан 7 ақпан күні «Қайырымдылық керуені» акциясының бұйрығы шығарылып, мекеме басшысымен бекітілді. 




      Сонымен қатар іс-шаралар жоспары құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, стенд жасалды. Акцияны ұйымдастыру мақсатында мектеп ұстаздарымен жергілікті меценаттарға әлеуметтік желілер арқылы үндеу хаттар таратып, демеуші ата-аналармен байланыс орнатты.  

                                                                        8 Ақпан күні «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында әлеуметтік педагогтар А.Шашубаева мен Ж.Сатай 4-5 сынып оқушыларымен «Мейірімді болса жүрек, орындалар тілек» тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына Отанға, отбасына, табиғатқа, қоршаған ортаға деген қайырымдылық сезімдерін ояту.

Тренинг барысында оқушылар жан-жануарға қамқорлық, табиғатқа, қоршаған ортаға деген жаанашырлық пен                                       қайырымдылық туралы өз       сөздерімен жеткізді.  

       Жергілікті меценаттармен мектеп ұстаздары  тарапынан аз қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтар болсақ: аз қамтылған 3 отбасыға мектебіміздің ұстаздары М.Керімбекова мен А.Отарбаев 30 000 (отыз мың) тенге көлемінде азық-түліктер алып берсе, аз қамтылған  1 отбасыға меценаттар 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде азық – түліктер алып беріп көмектер көрсетті. Көпбалалы  отбасынан шыққан  5б сынып оқушысы Ораз Анельге  куртқа 9000 (тоғыз мың) теңгеге және жағдайы төмен  аз қамтылған отбасынан шыққан 6а сынып оқушысы Бауыржанқызы Ақеркеге 9 000 (тоғыз мың) теңгеге  қыстық сырт киім курткалар берілсе, 4а сынып оқушысы Амангелді Айқынға 36 размер 10 000 (он мың) теңгеге қыстық аяқ киім берілді.