24
қаңтар
2024
«Өнегелі болса-бала көрікті» атты кітапханалық кеш өткізді

10 “Ә” сынып оқушыларымен «Өнегелі болса-бала көрікті» атты кітапханалық кеш өткізді.
📚Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
📚Кеште оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісіне заманауи технологиялармен түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. «Шәй әдісі» арқылы оқушыларға және кеш қонақтарына Мұхтар Мағауиннің «Шақан Шері» романы бойынша сұрақтар қойылды.
📚Іс-шара барысында оқушылар оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтады. Әрбір бала бір жұлдыз, сол жұлдыздардың жарқырауына себепші оның ұстазы мен қолындағы кітабы демекші кеш барысында оқушылардың кітап оқуға деген ынтасы оянып, қызығушылықтары артты.