Барлығын таста-кітап оқып баста » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Барлығын таста-кітап оқып баста
06
қазан
2022

Барлығын таста-кітап оқып баста

№ 44 жалпы орта білім беретін  мектеп кітапханасында

«Барлығын таста-кітап оқып баста!» Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіне дауыстап оқу сағаты өткені туралы


Анықтама


      «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы іске асырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың қазан айының 6-22 кундері аралығында  кітапханада "Барлығын таста – кітап оқып баста! " Ыбырай Алтынсариннің «Кел,балалар,кітап оқимыз!» атты  тақырыбындағы «Әке мен бала» әңгімесіне 3-4 сынып оқушылары үшін дауыстап оқу сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты - балаларды оқылғандарды түсіну үшін мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Іс-шараға 3 «Б»  сынып оқушылары қатысты – (28 адам).  Кітапханашы Жасыбаева Қарлығаш  Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесіне   дауыстап   оқу   өткізді.   Ол оқушыларға жазушы – автордың медиа презентациясының көмегімен, балалардың нағыз досы Ы.Алтынсаринмен таныстырды, кітап көрмесімен таныстырды, кітапханада қандай кітаптар бар екенін көрсетті.    Балалар қызықты әңгімені  дауыстап кезекпен  оқыды,   содан кейін   оқыған әңгімелерінің мазмұны бойынша кітапханашының сұрақтарына жауап берді.  Балалар нағыз әдебиеттанушылар ретінде мәтінмен жұмыс істеді, әңгіменің бір бөлігін айтып берді. Оқығаннан кейін  «Әке мен бала» әңгімесі бойынша мультфильм  көрді.