Барлық білім –кітапта, ерінбе оқып білуге » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Барлық білім –кітапта, ерінбе оқып білуге
22
сәуір
2022

Барлық білім –кітапта, ерінбе оқып білуге

Барлық білім –кітапта, ерінбе оқып білуге!

  Ілімнің қайнар көзі - кітап. Ең жақсы, ең дұрыс, ең оңай білім кітап оқу арқылы үйретіледі. Кітап –дыбыссыз мұғалім. 

  Елімізде, әсіресе қазіргі қоғамда кітап оқу дағдысы жеткіліксіз дәрежеде. Десек те осы кітап оқу дағдысын қалыптастыру өте маңызды мәселе. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай ілім кітап оқу арқылы үйретіледі. Кітап оқу дағдысы кіші жастарда пайда болса, әсерлірек, жақсырақ және тұрақты болады. Бұған ата-ананың да көмекші болуы, оқығандарын бірге талқыға салуы, өзі де кітап оқып үлгі болғаны жақсы. Балалар мен жасөспірімдер кітап оқыған кезде қызығушылық танытатын комикстер, қысқа хикаялар, қызықты ертегілер,  сөз қазынасын арттыратын журналдар да оқу дағдысын тудырады. 

Осы орайда  кітап оқуда 2 «В»  сыныбының оқушыларының қатысуымен 22 сәуірде «Кітапты табыңыз!» ойыны кітапханада өтті. Ойынға қатысушыларға оқыған ертегілерден алынған суреттер жасырылды, топ болып жасырылған кейіпкерледі тапты. 

Бұл ойын әдістерінің артықшылығы - олар балалардың қызығушылығын жоғарылатады, оң эмоциялар қалыптастырады, алдына қойған қалаған жеке  мақсат міндеттеріне  өз еркімен, қалауымен, назар  аударуға көмектеседі.