“Қорғансыздың күні” әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қорғансыздың күні” әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы
17
қаңтар
2024

“Қорғансыздың күні” әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясы

№44 ЖОББМ-де 17.01 күні «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында мектеп кітапханасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожахметова Дурия Нуртайқызы және кітапханашы Жасыбаева Қарлығаш Келдібекқызы 10 “А” сынып оқушыларымен  Мұхтар Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесі бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.
Мақсаты: Оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасын жақсарту.
Конференция барысында  оқушылар өздерінің оқыған шығармаларын талдай келе көз алдыларына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндады. Сонымен қатар оқушылар жазушының «Жетім», «Көксерек», «Кім кінәлі», «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қилы заман» повестері, «Қаралы сұлу» әңгімелерін талдады. Конференция соңында кітапханашы оқырмандарға әлемдік классика, әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандарын жасөспірімдерге арналған шығармалын ұсынды. Әр оқырман таңдаған кітаптарын жаздырып алды.