20
қыркүйек
2023
Түлектерге - ҰБТ жаңалықтары мен ережелері



№44 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ талаптарымен таныстыру мақсатында мектеп директоры Б.Т.Қыстауов, ДОІЖО Г.К.Аликулова және пән мұғалімдерімен бірлескен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында түлектерге ҰБТ жаңалықтары мен ережелері, пәндер комбинациясы, шекті балл, бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалардың қосылуы, тест сұрақтарының өзгерісі туралы кеңінен ақпарат берілді.
2024 жылғы ҰБТ-да бейіндік пәндерге жаңаша тапсырмалар қосылып, тест тапсырмаларының сапасын арттыру мен олардың функционалдық сауаттылық пен сыни ойлау дағдыларын бағалаудың әлемдік стандарттарға сәйкестігі бағытында жұмыстарды қисынды жалғастыру мақсатында құрастылған сұрақтар санында өзгеріс бар екендігі айтылды.
Түлектерге мектеп қабырғасында дайындықты нығайта түсу үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылып, ҰБТ кезіндегі қорқынышты жою үшін мектеп психологы, кәсіби бағдар және пән мұғалімдері бірлесе жұмыс жасайтындығын хабарланып, білім алушылардың бойында сенім ұялатты. Бүгінде мақсаттары анық түлектерімізге ҰБТ-да белгілеген межесіне жетуіне тілектеспіз!