11 сыныптар бойынша пән мұғалімдері жиналысы
№ 44 жалпы білім беретін мектебі
11 сыныптар бойынша пән мұғалімдері жиналысының
Хаттамасы №2
23 Қыркүйек 2022 жыл
Қатысқаны: 35
Өткізілген орны: АКТ зал
Күн тәртібінде:
- 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ қағидасымен таныстыру
- Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды:
1. 11- сынып жетекшісі Р.Сатова сөйледі:
- 2022 жылғы ҰБТ-дің форматы бойынша тестілеу үш міндетті және екі бейінді пәндер бойынша өткізіледі. Міндетті пәндер: Математикалық сауаттылық -15 балл, Қазақстан тарихы-15 балл, оқу сауаттылығы -20 балл. Ал екі бейіндік пән таңдау пәндер бойынша.ҰБТ бойынша ең жоғарғы балл-140 балл, тестілеу уақыты – 240 минут. Бейіндік пән кезінде контекст негізіндегі тапсырмалар келеді. Контекст - бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы. Тыйым салынады: ұялы байланыс құралдарын, оқулықтар, шпаргалкаларды және калькуляторды қолдануға. Сөйлесуге орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға. 2022 жылы компьютерлік форматтағы ҰБТ-ы әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы жүргізілетін тестілеу (бір компьютер-бір камера принципі бойынша). Тестілеу аяқталғанан кейін тестіленушінің нәтижесін бірден беру. Медициналық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Айта кететін тағы бір жағдай ҰБТ- компьютерлік форматта өтетін болғандықтан, аудан көлемінде ҰБТ-тапсыруға арналған арнайы жабдықталған компьютерлік кабинеттердің болмауынан тестті тапсыру облыстық филиалда өтетіндігі хабарланды.Алдыңғы жылы аудиторияда тек камерамен бақылау болса, енді осы жылы дыбыстар мен дауыстар да жазылатын микрофон қосылғаны ескертілді. Яғни аудиторияда отырып жаныңыздағылардан көмек сұрай алмайтыны, сондықтан тек өз тестіңізге ынта қойып тапсыру керектігі айтылды.
Екінші мәселе бойынша11 сыныптарға беретін пән мұғалімдері арасында биылғы жылғы ҰБТ-дағы өзгерістермен таныстыра отырып, білім сапасының артуына ықпал ету мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста сынып жетекшілер оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын, таңдау пәндерін, қосымша сабақ кестесіне тоқталды. Таңдау пәндері туралы пән мұғалімдері оқушылардың дайындығын,алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды.Пән мұғалімдеріне қосымша сабақтарды уақытылы өткізілуі жүктелді. Сонымен қатар директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова алтын белгі мен үздік аттестат иегерлерімен терең жұмыс жасау керек екендігі туралы айтты. Одан кейін пән мұғалімдеріне айына бір рет ата-аналарға тест сараптама қорытындысымен таныстыру керек екендігі айтылды. Оқу жылының басындағы жасалған қосымша сабақ кестесіне сәйкес оқушылардың дайындалу сабақтарын уақытылы қатысылуы ата-аналардың тарапынан қадағалану керектігі туралы ескертілді.
Шешім:
- Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелген мерзімге сәйкес оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету ата-аналардың назарына алынсын.
- Сынып жетекшілер тарапынан оқушылардың қосымша сабаққа уақытылы келуі қадағалансын.
Хатшы: Кулжанова С.А.