11 сыныптарға беретін пән мұғалімдері арасында биылғы жылғы ҰБТ-дағы өзгерістермен таныстыру
20.09. 2022 жылы №44 ЖОББМ әкімшілігі мен 11 сыныптарға беретін пән мұғалімдері арасында биылғы жылғы ҰБТ-дағы өзгерістермен таныстыра отырып, білім сапасының артуына ықпал ету мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста сынып жетекшілер оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын, таңдау пәндерін, қосымша сабақ кестесіне тоқталды. Таңдау пәндері туралы пән мұғалімдері оқушылардың дайындығын,алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды.Пән мұғалімдеріне қосымша сабақтарды уақытылы өткізілуі жүктелді. Сонымен қатар директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова алтын белгі мен үздік аттестат иегерлерімен терең жұмыс жасау керек екендігі туралы айтты. Одан кейін пән мұғалімдеріне айына бір рет ата-аналарға тест сараптама қорытындысымен таныстыру керек екендігі айтылды.

