№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының № ХАТТАМАСЫ » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының № ХАТТАМАСЫ
25
қазан
2021

№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының № ХАТТАМАСЫ

№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының

№   ХАТТАМАСЫ 


Төрайымы: Қамқоршылық кеңесі төрағасы А.В.Алиева 

Өткізілген күні: 25.10.2021ж

Өткізілген уақыты: 12.00.

Қамқоршылық кеңес мүшелері

Мектеп әкімшілігі


Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелерімен баланың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында соңғы сабақтар уақытын қысқарту туралы.
  2. Басқа да мәселелер


Тыңдалды:


Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша мектеп директоры  Н.Конкабаев 2021-2022 оқу жылында 59 сынып 1089 оқушы  екі ауысымда оқитынын айтты, сонымен қатар  балаларды себепсіз сабақтан қалдырмауын, бос уақытын тиімді пайдалану жолдарын  қарастыру және   ата-аналар тарапынан бақылау, қадағалау жүргізу  керек екендігін айтып өтті. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу,   ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кеңестер беріп, Қазақстан Республикасының заңдарыңдағы ата-аналардың міндеттері мен жауапкершіліктерін  таныстырды.   Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін  бақылауды күшейту туралы, мектеп оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  «Түнгі ауылдағы балалар»,  «Көше»,  «Жасөспірім»   атты тақырыпта рейдтері ұйымдастырылып, жүргізілді. Оған жауаптылар: ДҚТЖО- Д.Андреева , келісім бойынша аумақтық инспектор және кезекші мұғалімдер бекітілді.  Балаларымыздың қауіпсіздігі үшін 1 мен 7  қараша  күндері бірінші тоқсанның аяқталуына байланысты  қауіпсіздік шаралары бойынша алдын алу жұмыстарының жүзеге асырылу туралы  және  .балаларды үнемі бақылауда ұстауға беймезгіл уақытта көшеге, кафеге және түрлі ойын- сауық орындарда жүрмеуін ескертіп айтып өтті. Сондай-ақ екінші тоқсан басталған кезде күннің қысқаруына байланысты екінші ауысымның балалары қараңғыға қалып қалмас үшін ата-аналардың ұсынысы бойынша  Қамқоршылық кеңес мүшелерімен кезектен тыс өткізілген жиналыста талқыға салынып соңғы болатын бесінші, алтыншы, жетінші сабақ уақытын  қырық бес минуттан 35 минутқа ауыстырудықарастыруға ұсыныс жасады. Қамқоршылық кеңес төрайымы А.В.Алиева сөз алып екінші ауысымда оқитын оқушылардың  сабақтарының кеш аяқталуына байланысты балалардың  өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында және түрлі жағдайға ұшырап қалмас үшін сабақ кестесінің уақытын Қамқоршылық кеңес мүшелерімен келісе отырып соңғы сабақтарды отыз бес минуттан оқуына келісім беріп   шешім қабылданды.  


ШЕШІМ:


Қамқоршылық кеңес отырыстың қорытындысы бойынша бірінші ауысымда сабақ уақыты 8.00 де басталып бірінші сабақ пен бесінші сабақ аралығы қырық бес минуттан ал соңғы өтілетін   6 сабақ 11.55-12.30,   7 сабақ   12.35-13.10, 8 сабақ 13.15-13.50   ал,  екінші ауысым бойынша соңғы 5 сабақ 16.50-17.25,  5 сабақ 16.35-17.10,  6 сабақ 17.15-17.50,          7 сабақ 17.55-18.30  да   сабақ аяқталады.


                                                     


Кеңес төрайымы:                     А.В.Алиева

                        Мүшелері:                                      Кауменова А

                                                                                 Айымбекова Н

                                                                                 Татти А

                                                                                 Кенжебаева Ж

                                                                                 Мамедова З

                                                                                 Жумабеков С

                                                                                  Пшенбаева Қ

                                                                                 Онбаева Р