№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының
28
қараша
2021

№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысының


№44 жалпы білім беретін мектебі қамқоршылық кеңесінің                                            

   кезектен тыс отырысының

№    ХАТТАМАСЫ 

Төрайымы: Қамқоршылық кеңесі төрағасы А.В.Алиева 

Өткізілген күні: 10.11.2021ж

Өткізілген уақыты:15.00

Қамқоршылық кеңес мүшелері

Мектеп әкімшілігі


Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Мектептегі аз қамтылған, көпбалалы және қамқоршылықтағы балаларды жаңа жылдық шыршаға қамту.
  2. Басқа да мәселелер


     10.11.2021оқу жылында қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отыры болып өтті, отырыс кезінде  биылғы жылдың жаңа жылдық шыршасына қамтылатын оқушыларды анықтау мақсатында   мектептен төмендегідей  комиссия мүшелері құрылып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Даулетова,  Қамқоршылық кеңес төрайым А.В.Алиева, мектептің әлеуметтік  педогогтары А.Шашубаева мен  Ж.Сатай және мектеп психологы А.Сейтжапарова мен бірлесіп   аз қамтылған, көпбалалы және қамқоршылықтағы оқушылардың үйлерін аралап  АКТ жасалынып әлеуметтік тұрмыс жағдайы зерделенді.   Отбасылық жағдайына және түрлі санатына қарай мектеп оқушылары арасынан бес оқушы қамтылды.     

     Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңес төрайымы А.В.Алиева өз сөзінде   көпбалалы , аз қамтылған және қамқорлықтағы  сондай-ақ түрлі санаттағы балалардың үйлерін аралап төменде көрсетілген тізім бойынша  аз қамтылған, көпбалалы   отбасындағы балаларды Қамқоршылық кеңес мүшелерімен бір келісімге келе отырып  өз шешімдерімен бөлісті. Президент   шыршасына 5 Б сынып оқушысы Ораз Анель көпбалалы аз қамтылған отбасынан шыққан және әкесі денсаулығына байланысты мүгедектігі бар және әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен.  Меркі ауданында өтетін  әкім шыршасына   бес   оқушы тағайындалды.  Олар 5 е  сынып оқушысы аз қамтылған отбасынан шыққан  Ясвилько Руслан, денсаулығына байланысты тілінің кемістігіне орай мектепте инклюзивті білім алатын 6 б сынып оқушысы Сүйіндік Бейбарыс, көпбалалы аз қамтылған және де мектепке жайсыз отбасы болып тіркелген отбасының 7 д сынып оқушысы Абусаидова Хава, көпбалалы аз қамтылған АӘК алатын отбасының 6 б сынып оқушысы Тұрар Каусар сондай-ақ қамқоршылықта тәрбиеленіп отырған 5 в сынып оқушысы Елюбай Ернар жаңа жылдық шыршаға жіберуге Қамқоршылық кеңес мүшелерің шешімімен шешім қабылданды.




Кеңес төрайымы:                     А.В.Алиева

                        Мүшелері:                                       Кауменова А

                                                                                   Айымбекова Н

                                                                                   Татти А

                                                                                   Кенжебаева Ж

                                                                                   Мамедова З

                                                                                   Жумабеков С

                                                                                   Пшенбаева Қ

                                                                                   Онбаева Р