"Бірлескен жұмыс - оңтайлы нәтиже" » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бірлескен жұмыс - оңтайлы нәтиже"
30
қазан
2023

"Бірлескен жұмыс - оңтайлы нәтиже"

№44 жалпы орта білім беретін мектебінде  30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша  Кәсіби даму институтымен бірлескен жұмыс  жоспары аясында семинар өткізілді. Семинар барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ» филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму  институтының директоры С.С.Құрманбекова мен мектеп директоры Б.Т.Қыстауов өзара ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойып, бірлескен жұмыс жоспарын бекітті. 
 Семинардың  тақырыбы: «Мұғалімдердің пәндік және әдістемелік құзыреттілігін арттыру».  Семинар барысында  үш секцияда  пән мұғалімдеріне  әдістемелік  қолдау  көрсетілді.
1-секция /бастауыш сынып мұғалімдері/
«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдері»
2-секция /қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдері/
«Мұғалімнің зерттеушілік әрекетін мектеп жағдайында қалай ұйымдастыруға болады?»
3-секция /жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің  мұғалімдері/
 «STEM білім беру технологиясын жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда қолдану» тақырыптарында ұйымдастырылды.
«Бірлескен жұмыс - табысты нәтиже» демекші семинарда  пән мұғалімдері өздерінің ойларын  білдіре  отырып,  көптеген  құнды мәліметтер алды.