1-4 сынып оқушыларының бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында ұйымдастырылған «Ашық есік күні» іс-шарасы
№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-4 сынып оқушыларының бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында
«Ашық есік күні» іс-шарасы туралы
Анықтама
«Жемі-жидек» ауылы 04.10.2023жыл
№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша балаларды мектеп асханасында тегін тамақтандырудағы биылғы 2023-2024 оқу жылындағы ерекшелік, ол жаңа оқу жылында бастауыш сынып білім алушыларының толық тегін бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтануы.
Бүгінгі күні бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 460 (төрт жүз алпыс) білім алушы және жекелеген санаттағы 5-11 сыныптар аралығында оқитын 31 білім алушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған. Жұмыс жоспарына сай мектеп әкімшілігі 4 қазан күні бастауыш 1-4 сынып ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп, күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Ата-аналарға ұсынылған анкета арқылы жалпы асхана қызметіне көзқарасын анықтау.
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 460 (төрт жүз алпыс) білім алушы және жекелеген санаттағы, яғни, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және алқалы орган шешімімен жалпы 54 білім алушы, соның ішінде 5-11 сыныптар аралығында түрлі санаттағы 31 білім алушы мектеп асханасында екі ауысымда тамақпен қамтылған.
Мектеп директоры Б.Қыстауов 2023-2024 оқу жылына 1 қыркүек күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыру жұмысы туралы бұйрығы, бұйрықта тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия қызметі, құрамы 9 (тоғыз) адамнан құрылғаны, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру бұйрықтарының шығарылғаны мен туралы айтып өтті.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақпен ұйымдастыру жұмысына жауапты маман директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Аликулова, медицина қызметкері М.Мавлюдова және әлеуметтік педагог А.Байтугелова бірнеше ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмыс уақыты, балалардың тамақтану кестесі, олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырып, ата-аналарға дайын астың сапасын, дәмін тату ұсынылды.
Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы», «Школьное питание глазами родителей» анкетасы арқылы мониторинг жасау үшін анкета таратылды.
Сауалнама орыс, қазақ тілінде алынып, жалпы 38 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы деген баға берілді. Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.