ІІ тоқсандағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ІІ тоқсандағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
08
қаңтар
2020

ІІ тоқсандағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы

Комиссия мүшелері кестеге сәйкес қараша-желтоқсан айларындағы келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау мерзімдері мен шарттарының сақталуына мониторинг жүргізді. 
Тексеру барысында мектеп асханасының тазалығына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен тағамның ас мәзіріне сай әзірленетіндігін, тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» қағиданың 9-қосымшасының 1нысанына сәйкес медицина қызметкері М.Мавлюдова бракераж журналына енгізіп отырған. Асханада әзірленетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар.
Мектеп оқушыларын тамақтандыру барысында сусындарды эмальды ыдыста әзірлеп әр оқушының бокалдарына құйып таратылып отыратындығы расталды. Мектеп медбикесі осы санитарлық қағидалардың 9 қосымшасының 2 нысанына сәйкес тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушыларға берілген витаминдерді С витаминдеу журналына енгізіп отырған және С витаминінің тәуліктік нормасы 1 балаға 70 мөлшерінде жүзеге асырылып отырғаны анықталды. Тексеру барысында асханадағы тамақ өнімдерінің жарамдылығы белгіленген мерзімдеріне сәйкес. Тез бұзылатын тамақ өнімдері тоңазытқышта сақталған. Күн сайын аспазшы А.Киер дайын тағамның тәуліктік сынамасын қалдырып отырады, сынамалар қақпағы бар таза шыны ыдысқа және тоңазытқышта +2 С, тан + 6С дейінгі температурада сақталған. Мектепте 184 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың тамақтануы күнделікті қадағаланып отырады. Күнделікті оқушыларға берілетін тамақ белгіленген ас мәзіріне сәйкес әзірленеді. Ата-аналар тарапынан шағымдар жоқ.
Мектеп асханасының іші таза, жарық, жылы санитарлық талаптарға сай. Мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі комиссия мүшелерінің үнемі бақылауында болды.

Шешім:
Мектеп оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі қанағаттанарлық болып есептелсін, тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу үнемі комиссия мүшелерінің бақылауында болсын.
ДОІЖО:Г.К.Аликулова