№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша қазан айында оқушыларды тегін тамақтандыру туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша қазан айында оқушыларды тегін тамақтандыру туралы
20
қазан
2021

№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша қазан айында оқушыларды тегін тамақтандыру туралы

№44 жалпы орта білім беретін мектебі  

бойынша қазан айында оқушыларды тегін тамақтандыру туралы

Анықтама

Жеміс-жидек  ауылы                                                                      20.10.2021 жыл


Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған жалпы 101 оқушы, соның ішінде атап айтсақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 81 оқушы, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 білім алушылар және алқалы органмен бекітілген 16 оқушы тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру шарасы мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланды.

Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында оқушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған қол жуғыштар мен тері антисептиктерін қолдануда. Кемінде 2 метр қашықтықты, 2 адамнан артық  кезекті сақтай отырып тамақтануда. Сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де заттарды орналастыруда үстелдер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да  сақталып отыр.

               Дайындалған ас мәзірі мектептің медициналық қызметкері М.Мавлюдова тарапынан күнделікті тексерілді. 










Асханада «Асхана бұрышы», «Тиімді тамақтану», «Денсаулық бұрышы» стендтері бар. Онда мектептің медициналық қызметкері жариялаған дұрыс және тиімді тамақтану туралы түрлі кеңестер мен ақпараттар және COVID-19 короновирусқа байланысты жадынамалар  ілінген.

Оқушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы уақытта да мектеп әкімшілігі және мектеп жанындағы қамқоршылық кеңесі тарапынан қадағаланатын болады.


Мектеп директоры:                        Н.А.Конкабаев





Әлеуметтік педагог:А.Шашубаева