17
қазан
2019
16 қазан –Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай өткізілген іс-шаралар анықтамасы
16 қазан –Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай өткізілген іс-шаралар анықтамасы.
16 қазан –Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай мектепте арнайы іс-шаралар жоспарланып өтті. Онда «Дұрыс тамақтануды білесің бе?», «Денсаулық-зор байлық», «Дәрумендердің пайдасы», «Правильное питание- залог здоровья» т.с.с тәрбие сағаттары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова мен медицина қызметкері М.Мавлюдованың қатысуымен өтті.
4 «Б» сыныптың «Балалардың дұрыс тамақтану гигиенасы» атты тәрбие сағатында оқушылар дұрыс тамақтану ұлтты сауықтырудың басты бөлігі және түрлі аурулардың алдын-алу туралы мәлімет алды. Данышпан атаның әңгімесінен балалар гигиеналық ережелерді дұрыс сақтау жолдарын түсініп, тиімді , әрі режиммен тамақтану қажеттілігін білді. 2 «Е» сыныптың «Правильное питание» тәрбие сағаты барысында дұрыс тамақтану қағидалары , артық салмақ пен семіздіктің алдын алу туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар «дәрумендер» тақырыбында жұмбақтар шешті. 1 «Д» сыныбында «Правильное питание в жизни человека» сынып сағаты өтті. 7-8 сыныптар арасында мұғалім Узбекова К. «Тамақтанудың негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мектеп медбикесі Мавлюдова М. Ата-аналар жиналысында «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» тақырыбында баяндама оқыды.