Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері мен зардабы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері мен зардабы
26
қараша
2021

Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері мен зардабы


№44 жалпы орта білім беретін мектепте 26-қараша күні 9-сыныптарға оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері мен зардабы» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді. Адам мен қоғамөміріне қауіпті діни сарындағы ұйымдардың арбауына түспеу үшін әркімнің дәстүрлі діндер негізін жақсы білгені жөн. Өйткені мұндай ұйымдар өз істерін жоспарлы, ұзақ мерзімдік үдеріске сай ұйымдастырып жүргізеді. Жалпы бүкіл адамзатты «бір ғана ақиқатқа» мойындатқысы келетін діни ағым өкілдерінің әрекеттері жан-жақты ойластырылып, арнайы жүйе құрып, оларды том-том кітаптармен негіздейді. Бұлардың қолданатын амалдары да алуан түрлі болады. Адамның мінез-құлқын тап басып танып, соған сай нандыру амалдарын қолдана біледі. Жастардың осындай теріс пиғылды адамдардың арбауына түсіп, жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін діни сауатты болуы аса маңызды. Осы орайда дінтану пәнінің мұғалімі Мукашева Жанар Серікқызы оқушыларға теріс пиғылды діни ұйымдардың негізгі ерекшеліктері мен теріс пиғылды діни ұйымдарға тән құбылыстар туралы, теріс пиғылды діни ғұрыптардың ықпалына түскен адамдарды қалай айыруға болатынын, мұндай діни ағымдардың зардабы қандай болатынын  айтып түсіндірді. 

     Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.