Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы
Айлықтың өткізілу мерзімі: 7-30 қараша 2022 жыл
Тақырыбы: Оқытудың озық әдіс- тәсілдері арқылы шығармашыл, құзыретті жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдістемелері мен технологияларын, әдіс –тәсілдерін жинақтау, сараптау, іріктеу, жолдарын ұсыну.
2. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған тиімді әдістемелері мен технологияларын ұсыну.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін тиімді қолдану бойынша шеберлік-сыныптар, коучингтер, семинарлар, тренингтер өткізу
4. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған үлгілі ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар шеруін өткізу.
5. Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша дарынды балалармен жұмыс деңгейін анықтау.
6. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында үлгермейтін және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін тиімді жұмыс деңгейін анықтау.
7. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалу деңгейін анықтау.
Күтілетін нәтиже:Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамыту жолдарының жобасы ұсынылады.
Айлықтың іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып бекітілді. Айлық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар , сыныптан тыс іс-шаралар (әдеби-танымдық кеш,коучинг,шеберлік сыныптар) өткізді. Атап айтар болсақ: 5-11 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу сапасын зерделеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне 5-ші, 10-шы сынып оқушыларының бейімделуінің жағдайын зерделеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-11 сыныптар аралығында бақылау жұмыстарын алу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды балалармен жұмыс жағдайын анықтау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша үлгерімі төмен және үлгермеуші оқушылармен жұмыстың жағдайын анықтау,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында тренинг тестілеу жүргізу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Мұғалім-оқушы көзімен» оқушылар арасында сауалнамалар алу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Мұғалім –ата-ана көзімен» ата-аналардан сауалнамалар алу, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен таңдау, қолданбалы курстар бойынша бағдарламалардың орындалуын зерделеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ғылыми қоғам, секция мен үйірмелер туралы оқушылардың пікірін зерделеу-«Үйірме бала көзімен» оқушылар арасында сауалнама жүргізу сынды жұмыстар жоспарлы түрде өткізілді.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру.
Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды жаңартылған білім мазмұнының аясында түрлі белсенді әдіс-тәсілдер мен платформаларды пайдалана отырып өткізді.
«Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі айлығының ашылуына байланысты әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау,тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің шығармаларын насихаттау.
Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына-355 жыл толуына орай «Қазыбек би-Ұлы Дала тұлғасы» тақырыбында қазақтың аса айбынды билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихына шолу жасалды.
Мұхтар Әуезовтің туғанына- 125 жыл толуына байланысты өмірі,еңбектері жайлы ақпараттар, әдеби кітаптарды оқу туралы ұсыныстар берілді. «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Шерхан Мұртазаның туғанына -90 жыл толуына орай Шерхан Мұртазаның шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғаның туындыларын оқу туралы ұсыныстар айтылды.
https://www.instagram.com/reel/CkyeMDfj1iF/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Айлық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қалқабаева А.Е. 5 «Б» сыныбында «Жан-жануарлар туралы ертегілер»тақырыбында сабақ өткізді.Сабақтың басында оқушыларды «Мозайка» әдісі арқылы өлең жолдарын құрастыру бойынша екі топқа бөлінді.Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Болжау» әдісі арқылысабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары жарияланды. Сабақ барысында «Кейс – стади», «3-2-1»әдісі арқылы рефлексия жасалды,оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай сараланған тапсырмалар берілді.Берілген тапсырмалар оқу мақсатына негізделгендіктен,сабақ мақсатына жетті.
https://www.instagram.com/p/Cl1SlmPsoTk/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
6 «Г» сыныбында «Әлем таныған Астана. Кәсіби сөздер»тақырыбында Кулжанова С.А сабақ өткізді.Сабақ «Сағат-дос» әдісі арқылы жүзеге асырылады.Бұл әдіс арқылы оқушылар неге қол жеткізді?
1-шіден уақытты тиімді пайдалану;
2-шіден мақсатқа қол жеткізу үшін жоспарлап үйрену;
3-шіден көздеген мақсатқа қол жеткізу;
Сабақ барысында «Ойды жалғастыр», «Серпілген сауал», «Ойлан,жұптас,бөліс», «Фрайер моделі» әдістері тиімді пайдаланылды.
Сабақтың қорытыныды бөлімінде «Фрайер моделі» әдісі арқылы саралау тапсырмасы берілді. Бұл әдіс тақырыпты толық меңгеріп есте сақтауға мүмкіндік береді. Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары болды.
Мақұлбекова Д.А. 5 «Г» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Адам және жыртқыш аң» тақырыбында өткен сабағында болдым. Мұғалім сабақтың басында ширату жаттығуы арқылы жігерлендіру сөздері жазылған стикерлер таратып берумен бастады. Сабақтың мақсатын анықтап, оның орындалуына көңіл бөлінді. Сыныппен қарым-қатынасы жақсы, кейбір оқушылар сабақта өз ойларын нық айтса, кейбір оқушылар өз ойын еркін айтуға тырысады. Сабақ барысында «Мен сені таңдаймын» «Білетініңіздің барлығы» талдауы әдісі, «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдістерін пайдаланды. Топтық ,жеке жұмыс түрлері орындалды. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана біледі, бірақ оны тиімді қолдану керек екендігі ескертілді. Сабақ барысында назардан тыс қалған оқушылар да болды.Сабақ бойынша мұғалімге ұсыныс жасалды. Жалпы сабақ құрылымы сақталды. Оқушылар бойынан дағдының қалыптаспағандығы көрініс тапты, бірақ бейімделу байқалады.
5 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Миуалы ағаш» тақырыбында Далиева Э.Х. сабақ өткізді.Ұйымдастыру кезеңінде сыныпта психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Сен де емдік ағаштай......» әдісі арқылы табиғаттың ғажайыбына өз үлестерін қосуы жайында бір-біріне тілектер айтылды.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңінде балалардың үйден әулие ағаштар мен табиғат ескерткіштері туралы дайындап келген хабарламалары тыңдалды және грамматикалық тақырыптарға «Жүзіп шығайық» әдісі арқылы шолу жасалып шықты.
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы,оқу мақсаттары айқындалды.Сабақ барысында «Еркін жазу» ,«Диктоглас» әдісімен тиімді жұмыс жасалынды.
Сондай-ақ, «Эйлер шеңбері » әдісі арқылы саралау тапсырмасы берілді. Сабақтың қызықты болғандықтан оқушылар уақыттың қалай өткенін де байқамай қалды.Демек, оқушылар үшін де сабақ өте қызықты болды.
Тақырыпқа сәйкес «Миуалы ағаш» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалынды.Үлкен миуалы ағашқа алған ұпайларын , аты-жөнін жазып сабақта нені білгенін, ненің қызықты болғанын, не қиын болғанын жазып қалдырды.
Сабақта бағалау жүйесі ерекше көрініс тапты.Тиімді оқыту әдіс-тәсілдері мен дұрыс жоспарлау арқылы мақсатқа қол жеткізді.Себебі, алынған тапсырмалар оқу мақсатына негізделген.
https://www.instagram.com/p/Cl6bsmgsKoOyBSx2g2VNX3oSexC2GLexCQQFr40/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Қожахметова Дүрия Нұртайқызы қазақ әдебиеті пәні бойынша 11 «Б» сыныбында Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі ақын портреті тақырыбында сабақ өттті. Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең,әдеби және еркін тақырыптарға) жазу.
Мұғалім оқушылармен психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру сабақтың ұйымдастыру кезеңінде ерекше көрініс тапты. Сабақта «Поэзия минуты», «Тұлғаны таны», «3 ҚҚҚ» әдістерді сабақ тиімділігіне қарай пайдаланды. Оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуіне ықпал етіп,сыни ойлау қабілетін арттыруда деңгейлік тапсырмалар беріп, өздігінен жұмыс жасай білуіне әрекет етті. Уәжі төмен оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап отырды. Сабақ барысында сабақ кезеңдерінде оқушы мен мұғалімнің іс әрекеті арқылы жақсы байланыс бар екендігі сабақтың өн бойында көрініп отырды. Сабақ құрылымы мен кезеңдері сақталып отырды. Сабағына қатысу барысында мұғалімнің оқушыларды ұйымдастыра білу қабілетінің жоғары екендігімен бірге мұғалімнің тиянақты дайындығы мен шеберлігі ерекше байқалды. Ұстаздың теориялық білімі мен жан-жақты дайындығының арқасында оқушының білім- білік дағдыларын барынша көрсетуге тырысты. Мұғалім мен оқушы арасында еркіндік, тығыз қарым-қатынас бар, оқушыларға зор талап қоя біледі.Оқушылар ойларын тиянақты жеткізе алады,сөйлеу мәнерлері қалыптасқандығы байқалды. Сабақта әдіс-тәсілді тиімді талапқа сай қолдана білді. Әдістемелік тәсілдерді тақырып мазмұнына қарай өзгертіп отырды.Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруда логикалық сұрақтарды қолданып, өздігінен жұмыс істеуге нұсқау бере білді. Мұғалім сабақта топтық, жұптық, саралау жұмыстарын тиімді пайдалана біледі. Сабақ жоспарындағы іс-әрекеттердің барлығы сабақ барысында орындалып, оқу мақсаты жүзеге асты.
https://www.instagram.com/p/Cl23waZMH3T/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Мырсейтова Л.Е. 8 «А» сыныбында «Шағын және орта бизнес» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақта жүзеге асқан оқу мақсаты-8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтау; 8.4.3.1 - сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Осы мақсатты жүзеге асыруға пайдаланған әдіс-тәсілдер «Кім тапқыр?», «Ақша». Сабақта сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану мақсатын жүзеге асыру үшін «Вордвол», «Флиппити» платформалары пайдаланылды. Оқушылар шығармашылық тапсырма барысында қандай шағын немесе орта бизнес түрін ашатыны туралы жоба құрастырып, қорғады. Сабақта «Мадақтау сөз» әдісі, 1-10 балдық жүйе бойынша өзін өзі бағалау жүзеге асты. Қолданылған ресурстар: оқулық, платформалар, смайликтер, т.б.
Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік премияның лауреаты, Қазақстан және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, филолог, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Зейнолла Қабдоловқа арналған 28.11.2022ж 8-9 сыныптар арасында «Зейнолла Қабдолов – көп қырлы талант» атты танымдық сабақ өткізілді.
Танымдық сабақ 3 бөлімнен тұрды:
- Таныстырылым.
- Жазушы туралы жылы лебіздер.
- Нақыл сөздер.
- «Менің Әуезовім» – Мұхтар Әуезов туралы жазылған көркем шығарма.
Таныстырылым (өмірі мен шығармашылығы) 9 «В» сынып оқушысы Байбатыр Диана халық жазушысының өмірі мен шығармашылығы туралы өз таныстырылымын таныстырды.
Қабдолов Зейнолла (1927-2006) — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Қазақ сөз зергерлерінің бірі – әрі ойшыл, әрі шешен академик Зейнолла Қабдолов біздің өлкеміздің ұлы мақатанышы екенін айтып өтті.
9 сынып оқушылары жазушы туралы ақын-жазушылардың жылы лебіздерін айтты. Атап айтсақ, 9 «В»сынып оқушысы Санат Самал Әбіш Кекілбайұлының мына сөзімен қорытындылады.
«Теңдесі жоқ кемел суреткердің қаламынан аз да болса саз болып, қапысыз сомдалған, қыздың баласындай сүйкімді, Қызырдың алақаны сипағандай, жан-жүрегіңді елжіретіп қоя берер абзал да әсем прозалық шығармалары мына дүниеде талайды тамсантып, мәңгі қалмақ…»
Келесі кезекте, 8сынып оқушылар Зейнолла Қабдоловтың нақыл сөздерін айтса,8 «А» сынып оқушысы Тезгелді Альмира«Менің Әуезовім» – Мұхтар Әуезов туралы жазылған көркем шығармасы бойынша өзінің таныстырылымын таныстырды.
Дуалы ауыз сөз зергері, ел ағасы З.Қабдолов айтқан өнегелі уағыздар ұлтты елдік пен бірлікке үндейді. Қазақ қауымының рухани өмірінде азаматтық пен кісіліктің, кішілік пен зиялылықтың орасан үлгісі бола білген осынау аяулы тұлғаның ардақты бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталтынын атап, Мырсейтова Лаура сабағын қорытындылады.
Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдық мерейтойына орай 6- сыныптар арасында «Ғабит Мүсірепов-ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Жазушының өмір жолы арқылы оқушыларды адамгершілік пен парасаттылыққа баулу,қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу,сөз құдіретін түсінуге тәрбиелеу,көркем сөйлеуге баулу.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға жазушы туралы мәліметтер беріліп,шығармашылыға тоқталды.Оқушылар бұрынан өздері білетін мәліметтерді айта отырып,шығармаларының тақырыбы ана туралы,сонымен қатар ананы қадірлеу,құрмет көрсету керек екендігі айтылды.Ғабит Мүсірепов тіл туралы айтқан сөздеріне тоқталып, дүниежүзілік классик әдебиетшілердің драмалық шығармаларын қазақ тіліне аударған дарынды аудармашы. Ол У.Шекспирдің «Антоний мен Клеопатра», «Мольердің «Сараң», А.Островскийдің «Таланттар мен табынушылар» сияқты пьесаларын қазақ тілінде аудармаларымен таныстырды.
Сондықтан да аналар образындағы әңгімелерін оқығанның өзінен-ақ жан тебіреніп асқақ армандарға жетелейді, адамдық ұлы қасиеттерді бойға сіңіруге зор септігін тигізеді деген тың ойлар айтылды.
Қорыта айтқанда, Ғабит Мүсіреповтің қаламынан туған әрбір еңбегі тыңдарманның жүрегіне жол тауып, рухани асыл бұйымына айналды.
Сыныптан тыс іс-шара арқылы білім алушылардың жүректерінен жол таба отырып пәнге, өнерге, поэзияға деген қызығушылықтары арта түскені байқалды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:
- Оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;
- Оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;
- Шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.
Жыл басынан дарынды оқушылардың қабілеті мен талабына сай жүргізілетін жұмыс жоспары құрылып бекітілді.Осы жоспарға сай жұмыс жүргізіліп келеді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қожахметова Д.Н. оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы, дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады;
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Надырбаева Б.З. оқушының өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастауы есепке алған. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар жүйесі қамтылған.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мақұлбекова Д.А. сабақтарында интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қалқабаева А.Е. оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген. Яғни оқушыны жан-жақты дамыту жолдары ескерілген.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Құлжанова С.А. оқушылардың басқа мәдени шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуына бағытталған.
Оқушылар мектеп, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысады.
Мектептегі дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысады. Дарынды оқушылармен жұмысты жыл соңына дейін әлі жетілдіреді деген сенімдемін.