Жас мамандармен жүргізілген жұмыстар » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас мамандармен жүргізілген жұмыстар
28
наурыз
2022

Жас мамандармен жүргізілген жұмыстар


          2021-2022 оқу жылында жаңадан   педагогикалық қызметке кіріскен жас мамадарға ҚР білім және ғылым министрінің 2020 жылға 24 сәуірдегі «Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге  асыратын педагогтерге қойылатын   талаптарды  бекіту»   туралы  №160бұйрығына сәйкес математика пәні мұғалімі Л.Нечаева жас маман А.Бақтыбекқызына, тарих пәні мұғалімі Л.Киер жас маман М.Берікке, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Рыскулова жас маман Д.Асқарға, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Қожахметова жас маман А.Табылдиевке, қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Г.Омарбекова жас маман С.Жекейге тәлімгер болып бекітілді. Тәлімгерлер аталған бұйрық негізінде  жылдық жұмыс жоспарын жасап жас мамандармен жұмыс жүргізуде. 

       Оқу жылында  тәлімгерлер жас мамандармен жұмыс жоспарына  сәйкес қыркүйек айында  нормативті – құқықтық  құжаттарымен таныстыру пәндер бойынша жоспарды  құру  жөнінде кеңес берілді. Сонымен қатар оқу жылында  тәлімгерлер тарапынан жас мамандарға жекеленген тақырыптар, оларды оқушыларға тиімді жеткізу, үйрету қиындық тұғызатын тақырып, бөлімдер туралы   әдістемелік  көмек көрсетіліп отырылды . Тәлімгерлер жас мамандардың бірнеше сабақтарына қатысып талдау барысында жіберілген  олқылықтардың орнын толтыру, кемшіліктерді жою жөнінде кеңес берілді.

Сондай- ақ оқу үрдісіне кіріуіне ықпал ету үшін тәлімгерлер жас мамандарды өз сабақтарына қатыстырып кеңестер берді.

21.02.2022-03.03.2022 ж. аралығында «Жас маман - 2022» мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың мақсаты

Жас  педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін  жетілдіруіне жағдай жасау.

Байқаудың міндеттері: 

  • Жас мамандардың өз мамандығына деген қабілеттерін арттыру;
  • Жас мамандардың шығармашылық қабілеттерінің дамуын жетілдіру;
  • Оқу – тәрбие үрдісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу;
  • Педагог еңбегінің дәрежесін көтеру.

Сараптамалық комиссия мүшелері

  1. Найзабекова Г.М. – география пәні мұғалімі 
  2. Зубаярова Н.В.- математика пәні мұғалімі
  3. Киер Л.Н. – тарих пәні мұғалімі
  4. Смагулова А.А. – тарих пәні мұғалімі 

Нәтижесінде:                     

I орын – орыс тілі пәні мұғалімі Байлинова Феруза

II орын- орыс тілі пәні мұғалімі Берік Мақпал

III орын- орыс тілі пәні мұғалімі Бақтыбекқызы Алия