Сабақта инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
24.11.2022ж. №44 ЖОББМ мектебінде жетекші мектеп ретінде «Сабақта инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында
оқыту семинары өткізілді.
Мақсаты:
Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және тәжірибе алмасу
Міндеттері:
· Қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету.
· Қатысушылардың кәсіби шеберліктерімен ой бөлісу.
· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру
Күтілетін нәтижелер:
қатысушылардың білімдері жинақталады,
зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады,
қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды,
белсенділігі артады.
Әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде қолдана алады.
Семинарға №12, №35 ЖОББМ координаторлары мен мұғалімдері және №44ЖОББМ ұжымы қатысты. Семинарды директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Э.Сыдыкова ашты.
Семинар барысында мектеп психологы Г.Абильдаева «Біз біргеміз!» атты тренинг жүргізді. Тарих пәні мұғалімі А.Смагулова «Сабақта белсенді оқыту әдіс тәсілдерін тиімді қолдану» тақырыбында және география пәні мұғалімі Е.Алмасбекова «Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру» атты шебер –сыныптар көрсетсе, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж. Мырзахметова 10 «Б» сыныбында «Countries of the future»тақырыбында, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Мырсеитова 8 «А» сыныбында «Шағын және орта бизнес» тақырыбында ашық сабақтар көрсетті. Информатика пәні мұғалімі А.Сұлтанбек «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалай арттырамыз?» тақырыбында қоучинг жүргізді.
Кері байланыс парағында семинарға қатысушылар семинарында өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алғандығы және жоғары деңгейде өткендігі туралы пікірлерін жазды.



