«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану»
04
мамыр
2023

«Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану»

        «Lesson study» 5 «В» сыныбында жүргізілді. Топ жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Смагулова және мүшелері: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Мақұлбекова, тарих пәні мұғалімі Ж.Мукашева, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Бекбулатова.

       Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен  өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді.  Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.

        Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда  әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы  мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012) 

                  Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   

Lesson Study зерттеу сабағының тиімділігі:

  • Мұғалімдер арасында кәсіби диалогты қалыптастырып, дамытады.
  • Ұжымдық мәдениетті қалыптастырады.
  • Мұғалімдердің назарын оқушылардың білім қажеттіліктеріне аударады.
  • Бағдарламаны, ғылыми тұжырымдамаларды терең түсінуге көмектеседі.
  • Мұғалімдер кәсіби педагогикалық білімін дамытады.
  • Мұғалімдер сабақты бақылау және кері байланыс беру дағдыларын қалыптастырады.
  • Мұғалімдер білімның ғылыми мағынасына түсінеді және зерттеушілерге айналады.
  • Оқушының оқуы жақсарады.
  • Функционалдық сауаттылығы дамиды.
  • Қоғамға қажетті тұлға болып қалыптасады.


                            Бірінші   Lesson   Study- ды  жоспарлау


              Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап,   ұйымдастыратын Мақұлбекова Д (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Мукашева Ж (тарих пәні мұғалімі), Бекбулатова А (ағылшын тілі пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша 5 «В» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 17 оқушы. 8 ер бала, 9 қыз бала. Сыныпта оқу озаты-2, оқу  екпіндісі -  9. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –65 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  орташа. Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

                 Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.

Сонымен қатар біз осы Lesson  Study-де   « Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану»     деген тақырыптағы  әдістемені  жетілдіруді   мақсат етіп  алдық.  Бұл   әдістемені  алған  мақсатымыз   оқушылардың  топтық  жұмыстағы   іс-әрекеттерін  зерттеу  және  диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.

Lesson  Study  тәсілінің    ережесі  бойынша  5 «В» сыныбынан  бақылау   жүргізуге  үш  оқушы   іріктеп  алынған. Олардың  деңгейлері   әртүрлі Салпеков Олжас  - оқу үлгерімінің  деңгейі  жоғары,    Арыстанбек Сезім - оқу үлгерімінің   деңгейі  орта, Сарыбай Нұрәлі-  оқу үлгерімінің  деңгейі төмен оқушылар.

Бірінші   сабақ:  «Ағылшын тілі»   Пән мұғалімі: А.Бекбулатова         Тақырыбы : «Music»

Бірінші     Lesson  Study-ды  талқылау,   екінші  Lesson  Study-ды   жоспарлау.

Бірінші  Lesson   Study-ды  талқылау  барысында   озат  оқушы Салпеков Олжастан күткен  үмітіміз  ақталды. Оқушы сабақ материалын  толық   көлемде  меңгеріп, өзін  көшбасшы   ретінде   таныта білді.  Орта деңгейдегі  оқушы  Арыстанбек Сезімнің  сөздік қоры аздау,  бірақ тапсырмаларды толық көлемде  меңгереді деп күткен едік,  үмітіміз   артығымен  орындалды. Топтық жұмыс  бұл оқушылардың  белсенділігі   мен  қызығушылығының  артуына   алып келді. Ағылшын тілінде жақсы сөйлейді.  Орта деңгейдегі  оқушы   Сезімнің сөздік қоры аздау,  бірақ тапсырмаларды толық көлемде  меңгереді деп күткен едік,  үмітіміз  артығымен   орындалды. Топтық жұмыс  бұл оқушылардың  белсенділігі  мен   қызығушылығының  артуына  алып келді.   Сабақта «Пицца», «Ашық микрофон», «wordwall» әдістерін қолданды, оқушылар   ерекше  белсенділік   танытты.  Постер  жасауда   ерекше  белсенділік  танытты. Төмен деңгейдегі  оқушы  Сарыбай Нұрәлі сабақ барысында  сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.

 


Ауызша айтылған  айғақтар негізінде  диалогтық   тапсырмаларын   орындауда топпен ақылдасу   тапсырманы  шешуде  ерекше    маңызға ие  болды.


Бұл кезеңде   бірінші Lesson  Study   кезінде  анықталған  кемшіліктер жойылды.  Оқушылардың   нәтижесін  жақсарту  үшін  Lesson  Study –де   шығармашылық  жұмысқа   көбірек   көңіл   бөлу,  оқушылардың   өзіне  айтқызу,  кез-келген   ситуациядан  өздігінен  шығу, сабақта   проблемалық  сұрақтарды  өмірмен   байланыстыра  отырып  қою,   топтар  арасында  бәсекелестікті  арттыратын   тапсырмалар  беру,  тапсырмаларды   диалогтық оқыту арқылы  бағыттап беру  деген  мәселелер ескерілсін  деген   пікірлер  айтылды. Бұл пікірлер  екінші  Lesson   Study-де  өткізілетін  сабақ   жоспарына   енгізілді.


Екінші  сабақ:  «Қазақстан   тарихы»   Пән мұғалімі: Ж.Мукашева         

 Тақырыбы : «"Үйсіндер туралы жазба деректер"


Екінші Lesson   Study-ды талқылау, үшінші Lesson  Study-ды жоспарлау.


Екінші  Lesson   Study  барысында В деңгейіндегі оқушы Арыстанбек Сезім ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін   байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік   қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай  алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде  сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды. Оқушылардың сын тұрғысынан   ойлаудың бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация  секілді дағдыларын шебер қолдана білді.


Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша тапсырмалар орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі оқушы Сарыбай Нұрәлі сабаққа белсене қатысты. «Кубизм» әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі оқушы Салпеков Олжас  өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды. 

Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.

Бұл кезеңде екінші Lesson  Study-де жіберілген кемшіліктерге   талдау жасалып, олар түзетілді. Әр оқушының ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson   Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson   Study өткізілетін сабақ жоспарына   енгізілді.





Үшінші  нәтиже сабақ: «Қазақ тілі» Пән мұғалімі: Д.Мақұлбекова   Тақырыбы: «Ғажайып планета»


Үшінші    Lesson  Study-ды талқылау,  Lesson   Study-ды  қорытындылау

Үшінші  Lesson  Study барысында озат оқушы Арыстанбек Сезім ерекше көзге түсіп, өзін нағыз көшбасшысы ретінде топ мүшелеріне көмектесіп, оларды тапсырма орындауға итермелеп отырды. Соңында өз тобының мүшелерін бағалады.

Ал төмен деңгейдегі оқушы Сарыбай Нұрәлі тапсырмаларды орындауға көп шықты. Себебі оның тобында орта деңгейдегі оқушылар болды. Берілген тапсырмаларға белсене қатысып отырды. Сұрақтарға дұрыс жауап берді.  



Оқушы топтан қалып кетпеуді ойлап, барынша сабаққа атсалысуға тырысты..

Слайдтар таныстырылымы, мәтінді қалпына келтіру, суреттерге қарап әңгіме желісін құрастыру  тапсырмалары   оқушылардың ой-қиялын байытуда сөйлеу   дағдыларын қалыптастыруда ерекше сәтті шықты. Оқушылардың қазақ тілі пәнін меңгеруіне  көп көмегін тигізді.

«Шығармашылық аралы» әдісінде А деңгейдегі Салпеков Олжас  бұл сабақта да алдына жан салмады. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, қойылған сұраққа жауап беріп отырды. Ол өз сыныбының көшбасшысы екенін көрсетті. 

       Үшінші   Lesson  Study өте сәтті өтті

Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар  ойлар мен сұрақтар  анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.

       Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ,үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай  әдістерді қолдана отырып  сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.

        Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.

       Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.

Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.

Лессон Стади мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік. Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістіккке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.

К. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ізденісімізді тоқтатпайық.

                                                                                            Сыдыкова Гульнура Эмилбековна
                                                                    директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары