«Lesson study» зерттеу сабақтары бойынша есеп
Бірге жиналу –бұл бастама,
Бірге қалу –бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.
Генри Форд
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012)
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап математика пәні мұғалімі Сейтжапарова А., физика пәні мұғалімі Крпешова Н., тарих пәні мұғалімі Смагулова А., ағылшын пәні мұғалімі Койлыбаева Н. мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде сыни тұрғысынан ойлау қабілетінің дамыту тиімділігі» тақырыбы бойынша 9 «В» сыныбында Lesson Study жүргізу жоспарланды. Сыныпта- 18 оқушы. 9 ер бала, 9 қыз бала. Сыныпта оқу озаты -6, оқу екпіндісі - 6. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші – 61 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта оқутыдағы сын тұрғысынан ойлау технологиясын басты назарға алғандағы мақсатымыз – сын тұрғысынан ойлау арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.
Сонымен қатар осы Lesson Study-де «Сыни тұрғысынан ойлау жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» деген тақырыптағы әдістемені жетілдіруді мақсат етіп алдық. Бұл әдістемені алған мақсатымыз оқушылардың топтық жұмыстағы іс-әрекеттерін зерттеу және оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Lesson Study тәсілінің ережесі бойынша 9 «В» сыныбынан бақылау жүргізуге үш оқушы іріктеп алынған.. Олардың деңгейлері әртүрлі Құдайберген Даулет- оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, Жұмабек Ерасыл- оқу үлгерімінің деңгейі орта, Әшір Ақтоты- оқу үлгерімінің деңгейі төмен оқушылар.
Бірінші сабақ тақырыбы: «Reading for pleasure: Abai Kunanbaiuly».
Бірінші Lesson Study-ды талқылау барысында озат оқушы Даулет күткен үмітіміз ақталды. Оқушы сабақ материалын толық көлемде меңгеріп, өзін көшбасшы ретінде таныта білді. Ағылшын тілінде жақсы сөйлейді. Орта деңгейдегі оқушы Ерасыл сөздік қоры аздау, бірақ тапсырмаларды толық көлемде меңгереді деп күткен едік, үмітіміз артығымен орындалды. Топтық жұмыс бұл оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының артуына алып келді. Сабақта «Кластер» және «Фишбоун» әдістерін қолданды, оқушылар ерекше белсенділік танытты. Төмен деңгейдегі оқушы Ақтоты сабақ барысында сабаққа қатысып отырды. Оның сабаққа ынтасының көтерілгені көрініп тұр. Берілген тапсырманы қызығушылықпен орындап отырды.
Бұл кезеңде бірінші Lesson Study кезінде анықталған кемшіліктер жойылды. Оқушылардың нәтижесін жақсарту үшін Lesson Study –де шығармашылық жұмысқа көбірек көңіл бөлу, оқушылардың өзіне айтқызу, кез-келген ситуациядан өздігінен шығу, сабақта проблемалық сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қою, топтар арасында бәсекелестікті арттыратын тапсырмалар беру, тапсырмаларды сын тұрғысынан ойлау арқылы бағыттап беру деген мәселелер ескерілсін деген пікірлер айтылды. Бұл пікірлер екінші Lesson Study-де өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.
Екінші сабақ: алгебра, пән мұғалімі: Сейтжапарова А.
Тақырыбы : «Тригонометрия фигуралары».
Екінші Lesson Study барысында дифференциалды әдісі, өзін-өзі бағалау әдістері қолданылды. Мәтінді есептердің көмегімен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артып, өздеріне артылған міндеттерді орындай білді. Оқушылар өрнектерді түрлендіру түрлеріне байланысты жұптық тапсырмалар және "Деңгейлік есептер" арқылы топтық тапсырмаларын шығарды. Оқушылар теориялық білімдерімен ұштастыра білді. Сабақ соңындағы талдау жүргізу арқылы екі оқушының сабаққа деген қызығушылығы төмен болмағанын анықтадық. Сабақ беруші мұғалімнің басты міндеті оқушы бойында сабаққа деген қызығушылықты ояту, әрбір кезеңдердегі қозғалысты бақылау, болдыру. Сабақтағы А, В, С оқушыларының іс-әрекетін бақылау үшін зерттеу тобындағы мұғалімдерге жеке-жеке тапсырмалар ұсынылды. Сабақ соңында жүргізілген рефлекция көрсеткендей: оқушыларға сабақ өткізу әдісі, ондағы шығарылған есептер ұнады. Сонымен, Lesson study зерттеу жобасы бойынша алған нәтижелер келесідей болды:
А оқушы: күрделі тапсырмаларды жеке талдайды және топ мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, ортақ шешім, қорытынды жасай алады;
В оқушы: топтағы жүргізілген іс-әрекеттерді өз ойымен, толық жеткізе алады және өзіндік бағалаудың объективті болу керектігін түсінеді.
С оқушы: процесті бақылайды, топ мүшелері атынан спикер ретінде ой білдіреді, кейбір есептерді, тапсырмаларды сыныптастары көмегімен орындайды, қиындықтарды көтере алады және өз мүмкіншіліктерін біледі. Осының нәтижесінде зерттеудегі А, В, С оқушыларының өзін-өзі реттеу, қалыптастыру, өз бетінше білім алу және математикалық білімін дамыту қабілеттерінің өсуін байқадық.
Бұл кезеңде екінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр оқушының ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу секілді мәселелер үшінші Lesson Study-де қамтылуы керектігі айтылды. Бұл пікірлер үшінші Lesson Study өткізілетін сабақ жоспарына енгізілді.
Үшінші сабақ: физика, пән мұғалімі: Корпешова Н. Тақырыбы: «Тербелестер кезіндегі энергияның түрленуі. Тербелмелі қозғалыстың теңдеуі».
Үшінші Lesson Study барысында озат оқушы Даулет ерекше көзге түсіп, өзін нағыз көшбасшысы ретінде топ мүшелеріне көмектесіп, оларды тапсырма орындауға итермелеп отырды. Соңында өз тобының мүшелерін бағалады.
Ал төмен деңгейдегі оқушы Ақтоты тапсырмаларды орындауға көп шықты. Себебі оның тобында орта деңгейдегі оқушылар болды. Берілген тапсырмаларға белсене қатысып отырды. Сұрақтарға дұрыс жауап берді.
Оқушы топтан қалып кетпеуді ойлап, барынша сабаққа атсалысуға тырысты. А деңгейдегі Даулет бұл сабақта да алдына жан салмады. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап, қойылған сұраққа жауап беріп отырды. Ол өз сыныбының көшбасшысы екенін көрсетті.
Үшінші Lesson Study сәтті өтті.
Төртінші нәтиже сабақ: тарих, пән мұғалімі: Смагулова А. Тақырыбы: «Қазақстандағы әскери өнеркәсіп кешені».
Төртінші Lesson Study барысында В деңгейіндегі оқушы Ерасыл ерекше белсенділік танытты. Барлық сұрақтарға жауап беріп, өз тобының көшбасшысы қабілетін байқатты. Ол өзінің еңбексүйгіштік қасиетін көрсете білді. Топ сенімін ақтай алатындығына барлығының көзін жеткізді. Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топпен орындау оқушылардың қиялын ұштауда ерекше роль атқарды. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлаудың бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация секілді дағдыларын шебер қолдана білді.
Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша сұрақтар қойылып орындалды. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылды. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды. С деңгейіндегі оқушы Ақтоты сабаққа белсене қатысты. Кубизм әдісі бойынша берілген тапсырманы дұрыс орындап шығып, жобаны қорғады. А деңгейіндегі оқушы Даулет өзінің көшбасшы екенін көрсетті. Қандай сұрақ қойса, тез жауап беріп тапсырманы тез орындап отырды.
Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Бұл кезеңде үшінші Lesson Study-де жіберілген кемшіліктерге талдау жасалып, олар түзетілді. Әр оқушының ойын жеткізуіне мүмкіндік туғызу, оқушы ойының дамуына қолдау көрсету, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу.
Төртінші Lesson Study сәтті өтті.
Зерттеу тобындағы мұғалімдердің жүргізген бақылауларына талдау жасай отырып, оқушылардың СТО қабілеті артқанын, сыныптағы психологиялық ахуалдың жақсарғанын, бір-бірімен диалог жүргізу арқылы өз ойларын негіздей алатындығын байқадық. Сабақтарда топтық жұмыс кезінде оқушылардың арасында жүргізілетін диалог олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Lesson Study зерттеу жобасында, мұғалімдер оқушыларды бақылау дағдысын дамытты; Бұл зерттеу материалдары сабақ беретін мұғалімдер үшін маңызды болды.
Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтар анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ,үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды мақсатқа айналдыруы тиіс.