Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана
Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана

Егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Жаһандану заманынында елдің қуатты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді және сол білімді қоғам игілігіне жарата білумен бағаланады.
Өркениетке бастар жолдың бастауы- мектеп болса, мектептің тірегі ұзтаз. Елімізде болып жатқан түбегейлі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс бізді қуантпай қоймайды. Білім саласына беріліп отырған ерекше басымдықтар мен міндеттердің ел игілігі мен гүлденуі үшін қажеттілігін, маңыздылдығын ұғына отырып, оны абыроймен орындауды мақсат етіп, тың ізденістерге жол ашудамыз.
Білікті маман қай қоғамда да, әр салада істің тетігін шешеді. Сол маманның білімін жетілдіру, оның курсқа қатысуын ұйымдастыру-маңызды мәселердің бірі. Бүгінгі танда білім беру ісі мұғалімнен өмір бойы білім алуы талап етіледі. Осы орайда биылғы оқу жылында 23 мұғалім АҚ «ӨРЛЕУ» облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтты мен Тараз қаласында педагогикалық шеберлік орталығында жаңартылған білім мазмұны мен бөлімдік, тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды дайындау жөніндегі қашықтан білімді жетілдіру курстарынан өтті.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылығының шындалуы – ол оның түрлі олимпиада, байқауларға қатысуында жүзеге асырылады. Мектеп мұғалімдері республика, облыс,аудандық байқаулардың тұрақты қатысушысы. Биылғы оқу жылында ағылшын тілі пәні мұғалімдері – А.Есембаева, А. Кульбаев «Ұлы ақын У.Шекспирдің үздік шығармаларын оқу», биология пәні мұғалімі Г.Сыдыкова биолгия пәнінен өткізілген «Smart – педагог» және 5 мұғалім «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауында жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Мұғалімдердің облыстық олимпиадасында химия пәні мұғалімі М.Звонарева ІІІ дәрежелі дипломен марапатталды. Республикалық денгейде «Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 3 мұғалім, бастауыш сыныптан 3 мұғалім, биология пәнінен 2 мұғалімі І және ІІІ дәрежелі дипломмен марапалатса, Daryn.onlain білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық "Кемеңгер ұстаз" олимпиадасында 3 мұғалім, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, Qaztest.kz сайтында педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық «Үздік педагог» олимпиадасында қорытынды кезең нәтижесі бойынша 5 мұғалім, Республикалық « Просвещение» ақпараттық әдістемелік орталығы өткізген «Бастауыш сынып мұғалімі: кәсіби құзреттілігі» атты олимпиадасында 3 мұғалім www.nio.kz Респубилкалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты ұйымдастырған олипмиадасында 4 мұғалім, «BILIM –ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік ашық сабақ -2020» Республикалаық байқауға қатысып 5 мұғалім және «Жылдың үздік директоры орынбасары-2020 атты республикалық байқауында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Наушабаева жеңімпаз атанды.
ҚР БҒМ «Дарын» Респубилкалық ғылыми – практикалық орталығы «BILIM –ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми – зерттеу орталығының Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойында арналған «Әл-Фараби – әлемдік тұлға» атты Респубилкалық ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысып, кәсіби шеберлік көрсеткен тарих пәні мұғалімдері А.Смагулова мен А.Куренбаева дипломмен марапаталды.
Мектеп мұғалімдері үнемі шығармашылқ ізденісте. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.Мақулбекованың «Жалпы білім беретін мектепте синтаксисті менгертудің креативті жолдары», тарих пәні мұғалімі Л.Киердің «Дүниежүзі тарихы пәнінен бөлімдік жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», бастауыш сынып мұғалімі У.Наушабаеваның «Ертегілер әлемінде» авторлық бағдарламалары жоғары білім орындарының әдістемелік ғылыми кенесі шешімдерімен таратуға ұсынылды.
2021 жылдың 3 ақпанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша «География сабағында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру мәселері» тақырыбында география пәні мұғалімі Г.М.Найзабекова облыстық шығармашылық есебін өткізді.
Мұғалімнің міндеті - рухы мықты, жан дүниесі бай, жан - жақты жетілген,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашыл ойлау қабілетін жетілдіру, өзіне деген сенімін нығайту, өз жолын өзі таңдау, тағдырының егесі болуға ықпал ету екені баршамызға аян.Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиада, байқаулардың белсенді қатысушысы болды. Айтып айтсақ, « Ақ бота» интеллетуалдық марафонынында 32 оқушы, «BRITISH BULLDOG» халықаралық байқауында 10 оқушы, Үркер орталығының ПОНИ байқауында 11 оқушы, Әл-Фараби атындағы Халықаралық олимпиадасындағы үздік нәтиже көрсеткен 7 оқушы І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапаталды. «ZІAT» Ғылыми - әдістемелік орталығының «Ғылым әлемі» атты қашықтықтан өткізілген ІІ Респубилкалық оқушылардың зерттеу жұмыстары сайысында 4 оқушы жүлдегер атанды. « ӨРЛЕУ» «БАҰО» Ақ филиалы жамбыл облысы бойынша педагогикалық кызметкерлердің біліктілігін арттыру инститтуты ҚР Тұнғыш президенті Н.Назарбаевтың « «Болашаққа бағдар : Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру – өскелен ұрнақтың дара жолы» ғылыми жобалар онлайн – байқауында 2 оқушы, . 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген облыстық олимпиадасында 1 оқушы жүлдегерлер қатарынан көрінді. 6-сынып оқушысы Н.Мамыралы облыстық 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «ЗЕРДЕ» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауында ІІ орын, 8-11 сынып оқушылары арасындағы « Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» тақырыбындағы облыстық эссе байқауында 10-сынып оқушысы Н.Жарылқасым, облыстық 8-11 сынып оқушылар арасында өткен «Абай әлемі» атты байқауында 11-сынып оқушысы Г.Шолпанова жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Заман талабына сай болу үшін үнемі ізденісте болу қажет. Осы орайда биылғы оқу жылында мектеп педагогтары түрлі деңгейдегі семинар конференцияға қатысып өз білімдерін арттыруда.
Білім жолы қашанда қиын да киелі жол. Бұл жолда тынымсыз еңбек, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табыстарға жете алады.
«Шәкірт жетістігі – мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі» екенін басты назарда ұстайтын, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүрген ұжымның жұмысына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілеймін.
Г.К.Аликулова
№44ЖББМ директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары