1 мамыр - Қазақстан Республикасының Бірлік күні
Жыл сайын атаулы мерекеде №44 орта мектебінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы мақсатта еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін мектепте 5-10 сыныптар арасында патриоттық шеру өтті.
Биылғы оқу жылы «Бірлігі жарасқан Қазақстан» тақырыбында ұлт өкілдер фестивалі өтті. Іс-шара барысында оқушылар әр ұлттың көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде ұлттардың ұлттық тағамдары, қол өнерлері, қысқаша өз ұлттарына бұрыштар жасады.Мектеп директоры Н.А.Қонқабаевқа сөз беріліп, оқушыларды мерекелерімен құттықтады.
Соңында бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт –өкілдері «Достық» биін билеп, қонақтарды көрме тамашалауға шақырды.