Баланың бас ұстазы - ата – ана » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баланың бас ұстазы - ата – ана
29
қыркүйек
2022

Баланың бас ұстазы - ата – ана

Оқу-тәрбие жұмысы бойынша өткізілген ата-аналар жиналысының қорытындысы

           2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағанбетов мырзаның  жаңа форматтағы «Баланың бас ұстазы - ата – ана» атты ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібіне ата-аналар үшін жоспарланған коучинг, блиц турнирлер өткізілді. 

          Тарих пәнінің мұғалімі: Смагулова Айнұр Абдрахманқызы «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты ұйымдастыру коучингі өтті.  Ата-аналарға түрлі-түсті стикерлерді алдын-ала таратып қызыл, жасыл, сары түстермен аудиторияны үш топқа бөліп, тақырыпты ашып, жиналыста залда отырған ата-аналардың да ой-пікірін ортаға салды. Аудиторияны 3 топқа бөліну арқылы оқу-тәрбие жұмысындағы проблемаларды шешудің үш түрлі жолын көрсетті.

           Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Сыдыкова Гульнур Эмильбековна 2021-2022 оқу жылындағы «Мектеп мақтаныштарының» жетістіктерімен таныстырды. Серікжан Назерке Аудандық орыс тілі пәні бойынша олимпиадада 1орын, «Менің кіші Отаным» аудандық конкурсы 2орын, Сарварова Хадижа облыстық ғылыми жобалар жарысы 3орын, Жұмабай Әсем облыстық «Абайтану» олимпиадасында 2орын. Сулиева Софья облыстық «Мың бала» байқауында 3орын. Тұрсыншаш Сағыныш облыстық «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ» эссе байқауы 1орын.

         Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі: Рузиева Рахима Джураевна «Золотой треугольник» атты коучинг жүргізді.  Аудиторияны 3 топқа бөліп, ата-ана рөлі, мұғалім беделі, оқушының үлгерімі туралы пікірлерін білдіріп, постер қорғап шықты. Ата-аналар отбасындағы ата-аналардың рөлін, мұғалімдердің беделі туралы өз ойларын ортаға салды. Ата-аналар балаларының сынып жетекшілеріне алдын ала жолығып, балаларының оқу үлгерімімен танысты.

          Жиналыс соңында №44 ЖОББМ директоры  Конкабаев Ниеткали Абдымомынұлы ата-аналарға балалармен әрдайым байланыста болып, үнемі қадағалап отыруды айтты. Телефонның пайдасы мен зияны, әлеуметтік желілердегі балаларының кіммен сөйлесіп, қандай топтарда отыратындықтарын, интернет беттеріндегі пайдасы жоқ сайттардың зияндығы туралы айтты. Баланың жан-жағындағы достарын, қоршаған ортасын әрдайым көзден таса қылмай, бақылауда ұстау керектігін ата-аналарға жеткізді.


ДТЖО          Г.Н.Жолдасова