18
сәуір
2022
ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ РОЗА БАҒЛАНОВА
Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміс көмей әнші Роза Бағланованың туғанына100 жыл толуына орай №44 жалпы орта білім беретін мектебінде «Театр-өмір айнасы» үйірмесінің жетекшісі Надырбаева Б.З.музыка пәнінің мұғалімі Нарметова И. ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына «ҚАЗАҚ ӘН ӘЛЕМІНІҢ ПАДИШАСЫ РОЗА БАҒЛАНОВА» тақырыбындаәдеби - танымдық кеш өткізілді.
Шара барысында оқушыларға Роза Бағланованың өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер таныстырылды.
Мақсаты: қазақ музыкасын дәріптеу, оқушыларға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету.

