"Инклюзивті білім беру ерекшеліктері" оқыту семинары » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Инклюзивті білім беру ерекшеліктері" оқыту семинары
20
қазан
2023

"Инклюзивті білім беру ерекшеліктері" оқыту семинары

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.Осы мақсатта мектепте «Инклюзивті білім беру ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.Семинарда ДОЖО Г.К.Аликулова инклюзивті білім беру мазмұны мен әдістемесі туралы айтып өтті. География пәні мұғалімі Г.М.Найзабекова мен орыс тілі пәні мұғалімі М.Т.Берік инклюзивті біліммен қамтылған бейімделген оқу бағдарламасымен оқитын оқушыға жасалған қысқа мерзімді жоспармен таныстырды. Бейімделген оқу мақсаттары мен жеке тапсырмаларға тоқталды.