ҚР Конститутциясының Неке және отбасы заңының 27-бабының тармақтарымен таныстырып Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін айтып балаларын өз қамқорлығына алу туралы профилактикалық жұмыстар жүргізіл » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Конститутциясының Неке және отбасы заңының 27-бабының тармақтарымен таныстырып Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін айтып балаларын өз қамқорлығына алу туралы профилактикалық жұмыстар жүргізіл
06
шілде
2022

ҚР Конститутциясының Неке және отбасы заңының 27-бабының тармақтарымен таныстырып Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін айтып балаларын өз қамқорлығына алу туралы профилактикалық жұмыстар жүргізіл

№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша ата-апасымен, аға-жеңгесімен және басқа да туыстарымен уақытша «Сенімхат» негізінде тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың ата-аналарымен мектептің әлеуметтік педагогтары әлеуметтік психологиялық түсіндіру жұмыстарын жазғы демалысқа байланысты, онлайн режимінде жүргізді.

   Жалпы 2021-2022 оқу жылында мектебімізде 8 отбасынан 12 білім алушы заңды өкілінсіз ата-апасымен, әкпесімен, аға-жеңгесімен туыстарымен уақытша тұрады. Осы балалардың сынып жетекшілері және ата-аналарымен хабарласып, баланы тәрбиелейтін заңды тұлғалары нақты айтқанда ата-аналарымен «ҚР Конститутциясының Неке және отбасы заңының 27-бабының тармақтарымен таныстырып Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті». Сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі, су қоймаларының жанында қараусыз қалдырмау, судағы қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. Әрине балалар еркелеп ата-апасының қасында демалғысы келетіні, бірақ жаңа оқу жылында әр жасөспірім өз ата-анасының жанында білім алуы қажет екені айтылды. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай, жақсыға да, жаманға да бірдей бейімделгіш. Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» немесе «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөздер тегін айтылмаған. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты – болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. 


Мектептің әлеуметтік педагогтары: А.Шашубаева

                                                                  Ж.Сатай