«Оқушылардың физика және математика пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері» тақырыбындағы семинар » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқушылардың физика және математика пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері» тақырыбындағы семинар
07
сәуір
2026

«Оқушылардың физика және математика пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері» тақырыбындағы семинар

Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні «№44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында» аудандық семинар жоғары деңгейде өткізілді!

📚 «Оқушылардың физика және математика пәнінен функционалдық сауаттылығын дамыту тәсілдері» тақырыбындағы семинар аясында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру әдістерін көрсетті.

🔹 Практикалық бөлімде:
– Физика пәнінен «Жылулық сәуле шығару», «Планк гипотезасы» тақырыптарында ашық сабақтар
– Математика пәнінен «Шеңбер және дөңгелек», «Дифференциалдық теңдеулер» бойынша сабақтар ұйымдастырылды

🔹 Теориялық бөлімде:
– «Ойлау, қолдану, нәтиже: заманауи сабақтың бағыты» тақырыбында шебер-сынып
– Физика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары көрсетілді

💡 Семинар барысында педагогтер:
– оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылады
– жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану жолдарымен танысты
– өзара тәжірибе алмасты

🎯 Қорытынды бөлімде «Quiz» интеллектуалды ойыны өткізіліп, қатысушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болды.

👏 Мұндай іс-шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосады!