27
тамыз
2025
Педагогикалық кеңес № 1
№44 жалпы білім беретін орта мектебінде №1 тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Кеңеске «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының аға оқытушысы Ф.Ж.Кулен қатысты.Педагогикалық кеңестің отырысын кеңес төрағасы Б.Т.Қыстауов ашып, күн тәртібімен таныстырды, отырыстың мақсаты мен міндеттері айқындалды. Отырыстың негізгі бөлімінде білім беру ұйымы басшысының, директордың орынбасарларының, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша талқылау ұйымдастырылды, барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарылып, нақты тапсырмалар берілді.




