Білім сапасын арттырудағы ОҚУШЫ-АТА-АНА-МҰҒАЛІМ үштігінің бірлескен жұмысы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім сапасын арттырудағы ОҚУШЫ-АТА-АНА-МҰҒАЛІМ үштігінің бірлескен жұмысы
17
қаңтар
2024

Білім сапасын арттырудағы ОҚУШЫ-АТА-АНА-МҰҒАЛІМ үштігінің бірлескен жұмысы

№3 педагогикалық кеңес шешіміне сәйкес  І жарты жылдық қорытындысы бойынша төмен білім сапасын көрсеткен 10 «Б» сыныбының білім сапасын арттыру мақсатында мектеп директорының  3 қаңтар күнгі №2 бұйрығы шығарылып, іс-шаралар жоспары кезең-кезеңмен белгіленді.  1-кезең диагностика жүргізу, 2-кезең сабақтарға қатысу, SWOT талдау жасау, 3-кезең әдістемелік көмек көрсету. Жоспар бойынша осы сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің  сапалық құрамына талдау жасалынды, педагогтардан, ата-аналар мен білім алушылардан сауалнама алынып, нәтижесі сараланды. Негізгі пәндерден әкімшілік бақылау жұмысы алынып, 2-тоқсандағы білім сапасымен салыстырмалы мониторинг жүргізілді. 1-кезең  жұмысын қорытындылау мақсатында 16 қаңтар  күні педагогикалық консиллиум өтті. Мұғалім - оқушы - ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы бір-біріне көмек беру, оқушылардың сабақ үлгерімінің төмендеу себеп-салдарын анықтауды мақсат еткен педагогикалық консилиумда    
оқушылардың сабақ үлгерімін жақсарту жолындағы  мұғалім, оқушы, ата-ана тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, шешу жолдары қабылданды.