Латын графикасына көшу-қазақ тілінің жаңа белесі » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Латын графикасына көшу-қазақ тілінің жаңа белесі
08
апрель
2019

Латын графикасына көшу-қазақ тілінің жаңа белесі

Латын графикасына көшу-қазақ тілінің жаңа белесі

Кіріспе.
Елбасы Н.Ə. Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деді. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графика- сына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі проблемаға айналды. Əлемдегі елдердің 70 пайыз- дан астамы латын тілін қолданады. ХХІ ғ. латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды. Еліміз тəуел- сіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мəселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының əліпбиінен латын əліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Моңғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекетте- рінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қол- данып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын.
Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ латын жазуына негізделген əліпбиді қолдағандар басымы- рақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық.
1. Талқылау.
Кейінгі тарихқа көз салсақ, Қ. Күдеринованың көрсетуінше, латын əліпбиінің алғаш- қы жобасы 1927-1928 жж. «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас», «Тілші» газеттерінде 24 əріп, 1 дəйекшемен жарияланды. Бұл алғашқы əліпби сол кездегі А. Байтұрсынов жасаған əліпби- мен бірдей болды жəне өте дұрыс əзірленіп, жасалған əліпби еді, себебі теориялық база бір- ден-бір дұрыс еді. Латын əліпбиін енгізу əлі ерте деп Мəскеудегі жиналыста айтқанымен, ла- тын жазуына негізделген қазақ жазуының жобасын Н. Төреқұлов 28 əріп бойынша əзірледі. 1929 жылы Қызылордада Т. Шонанұлы, Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Қ. Жұбанов, Е.Д. Полива- нов, т.б. қызу талқылаған конференцияда бұл əліпби жетілдірілді. Латын жазуына көшу баяу жүргеніне қарамастан, 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын əліпбиіне 29 əріппен көшті.

Латын графикасына негізделген қазақ əліпбиі 1929 ж.
Кесте 1.

Рет саны Əріп Фонема Рет саны Əріп Фонема
1 А А 16 B б
2 Ь Ы 17 D д
3 О О 18 G г
4 U Ұ 19 G ғ
5 Е Е 20 Z з
6 Ə Ə 21 C с
7 І І 22 H һ
8 Ө Ө 23 M м
9 У Ү 24 N н
10 P П 25 N ң
11 T Т 26 V у
12 K К 27 L л
13 Q Қ 28 R р
14 S С 29 J й
15 С Ж

Қабылданған əліпбидің кемшілігі ретінде ə, ө, ы, ғ дыбыстарының белгілері латын стандартына сəйкес алынбағанын айтуға болады. Осы кезден бастап латын графикасына қа- зақ тілі көндіге бастады.
1940 жылы қазақ жазуы кириллицаға негізделген графикаға көшірілді. Бұл ауыстыру саяси жағдайға байланысты болды. Б. Əбілқасымов пен Ш. Мəжітаева бұның себебін былай түсіндірді: «1910 жылдардан бастап А. Байтұрсынов араб жазуын қазақ халқының үндестік заңына ыңғайластырып реформалады, оның реформалаған жазуын бірден алу түркі жұрты ең озық жүйе деп таныса да, орыс жазуын бірден алу түркі тілді халықтардың қарсылығын ту- ғызатындығын түсінген орталық уақытша латын жазуын уағыздап, түркі халықтарына алғаш латын жазуын қабылдатты. 1937–1938 жылдардағы қуғын-сүргіннен кейін, зиялы қауымның көрнекті өкілдері атылып, айдалып кеткен соң, латын жазуынан орыс графикасына көшу идеясы көтеріліп, 1940 жылдан бастап түркі халықтары, оның ішінде, қазақтар да орыс гра- фикасына халықтардың тілегі бойынша деген сылтаумен көшірілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев белгілегендей, жаңа əліпбиге көшуге дайындық кезінде 1929 ж. латынға КСРО түрік халықтарының жазу аударым тəжіри- бесін үйрену қажет, өйткені кейбір осы іс-шараның жүзеге асуының ұйымдастырушылық жə- не ғылыми – тəжірибелік жақтарын қазіргі таңда да қолдана беруге болатын еді. Осы жағдай- да құнды қайнар көздері 20−40-шы жж. мұрағат құжаттары болып табылады республика
мұрағаттарында, сонымен қатар Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатында сақтаулы құжаттардан да табуға болады.
Сонымен қатар, ВКП (б) Қостанай округтік комитеті, ҚКП Қостанай облыстық коми- теті, ҚКП жəне ҚЖЛКО, Амангелді, Жангелді, Жітіқара, Обаған ҚКП жəне ҚЖЛКО аудан- дық комитеттері, Қостанай округтік, облыстық атқарушы комитеттері, Қарабалық, Меңдіқа- ра, Обаған аудандарының еңбекші депутаттар Кеңесі қорларында аймақты ұйымдастыру, мекемелердің іс жүргізуіне жаңа əліпбиді енгізу туралы құжаттар сақтаулы тұр. Латын əліп- биін енгізгеннен кейін бірнеше жыл бойы араб əліпбиін қолдануға рұқсат берілген, бұған мұрағат көздері дəлел болады, сондықтан ХХ ғасырдың 30-шы жылдардың ортасына дейін жоғарыда аталған қорларда араб графикасымен жазылған құжаттар бар, сондықтан жоғарыда аталған құжаттарда араб графикасымен жазылған, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының орта- сына дейін құжаттар бөлігі бар.
Жоғарыда аталған қорлардағы 1929−1940 жылдардағы латын əліпбиін қолдану негі- зінде қазақ тілінде орындалған құжаттар белгілі қызығушылық тудырады. Бұл Қазақ КСР СНК жəне ҚазОАК, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің директивтері, Қостанай округтік атқару комитеті, облыстық атқару комитеті Президиумының қаулылары, аудандық атқару комитеті Президиумының мəжіліс жəне пленум хаттамалары, Кеңес съезд делегаттарының сауалнама- лары, кеңестің ұйымдастырушылық-топтық жұмыстары туралы есептері, жоғарғы органдар- мен облыстық атқару комитетінің хат алмасулары, сонымен қатар аудандық атқару комитеті- нің аудандану, колхоз құрылысы, ауыл кеңесіне сайлану, егін жəне астық жинау компанияла- рын ұйымдастыру, халықтық білім беруді дамыту, қоныс аударушыларды орналастыру жəне т.б. мəселелер бойынша хат алмасулары. Аудан тұрғындарының сайлау құқықтарын қалпына келтіру туралы, колхозшы-озаттар тізімі, Торғай жəне Амангелді аудандары бойынша «Қа- зақстанға 15 жыл» белгісімен марапатталғандар тізімі, облыс колхоздары төрағалары тізімі, жұмысшылар мен қызметшілердің өмірбаяндары жəне өтініштері бар жеке істері, Обаған ауданы колхоздарының шаруашылық кітабы, колхоздарға жеткіншек – балаларды (14 жастан асқан) тəрбиелеуге қабылдау туралы Меңдіқара халықтық білім бөлімімен, аудан колхозда- ры, балалар коммунасымен жəне т.б. істерді құрайтын ерекше құжаттар бар.
Қостанай округтік жер басқармасы жерге орналастыру бөлімі, Ақтөбе облыстық жер басқармасы жерге орналастыру Қостанай аудандық бөлімі, «Целингипрозем» жерге орна- ластыру бойынша мемлекеттік жобалық институты Қостанай филиалы қорларында колхоз- дардың жер пайдалану (сельхозартель) шектеуін бекіту бойынша құжаттар бар, сонымен қа- тар колхоз мүшелерінің тізімі, Амангелді, Меңдіқара, Жітіқара, Обаған, Семиозер, Таран, Қостанай аудандары колхоздарын басқару мəжілісінің жəне колхозшылар жиналысының хат- тамалары.
Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəне өнеркəсіп Департаменті қорында кол- хоздардың жылдық есептері, облыс колхоздары бойынша ауыл шаруашылық мəдениетті са- ралау барысы туралы, жылқы шаруашылығы фермалары паспорты жəне т.б. бар.
«ҚОММ» ММ кітапхана қорында толықтай латын əліпбиі негізінде қазақ тілінде ба- сылған, 1936−1937 жылдардағы «BOLCEBIKTIK GOL» газетінің таптырмайтын нөмірлері бар.
Қазақстан тəуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын əліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле басталды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясы- ның ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ əліпбиін латынға көшіру жөнін- дегі мəселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Əйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие жəне көптеген елдер, соның ішінде пост- кеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мəселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Əлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» – деген бо-

латын. Латын əліпбиіне көшірілген көршілес мемлекеттердің тəжірибесін назардан тыс қал- дырмауды да осы жиында тапсырған еді.
Бүгінге дейін латын қарпіне негізделген жаңа қазақ əліпбиінің дайын 10 нұсқасы бар екен. Ендігісі, тек нақты шешім қабылдау қалды. Солардың бірінешеуін ұсынатын болсақ: 1. Сейдін Бизақов, филология ғылымдарының докторы, профессор өзінің Ана тілі газетіне берген «Емлені ескеруіміз керек» атты мақаласында 41 əріпті құрайтын жаңа əліпбиін ұсы- ныпты.

Кесте 2.

Рет саны Кирил Латын Рет саны Кирил Латын
1 А а А а 21 Ө ө Ө ө
2 Ə ə Ə ə 22 П п P p
3 Б б В в 23 Р р R r
4 В в V v 24 Т т T t
5 Г г G g 25 У у U u
6 Ғ ғ G g 26 Ұ ұ U u
7 Д д D d 27 Ү ү U u
8 Е е E e 28 Ф ф F f
9 Ё ё Ё ё 29 Х х X x
10 Ж ж J j 30 Һ һ H h
11 З з Z z 31 Ц ц С с
12 И и Y y 32 Ч ч С с
13 Й й Y y 33 Ш ш С с
14 К к K k 34 Щ щ Щ щ
15 Қ қ Q q 35 Ы ы І
16 Л л L l 36 І і І і
17 М м M m 37 Э э Э э
18 Н н N n 38 Ю ю Ю ю
19 Ң ң N n 39 Я я Я я
20 О о O o 40 С с S s
41 Ж ж C c

2. Келесі кестедегі əліпби латын графикасы негізіндегі қазақ əліпбиінің Арман Байқа- дам ұсынған жобасы 26 таңбал
3. Кесте 3

4. Филология ғылымдарының докторы Əлімхан Жүніспектің ұсынған əліпби қазіргі таңда ең үздіктердің қатарында тұр 26 таңбалы.
Кесте 4.



кирилше
латынша
аталуы

кирилше
латынша
аталуы

1
А а
A a
а
14
Ң ң
Ň ň
ың
2 Ə ə Ä ä ə 15 О о O o о
3 Б б B b бы 16 Ө ө Ö ö ө
4 Ғ ғ(-Г г) Ğ ğ(-G g) ғы(-гі) 17 П п P p пы
5 Д д D d ды 18 Р р R r ыр
6 Е е E e е 19 С с S s сы
7 Ж ж J j жы 20 Т т T t ты
8 З з Z z зы 21 У у W w ұу
9 Й й Y y ый 22 Ұ ұ U u ұ
10 Қ қ(-К к) Q q(-K k) қы(-кі) 23 Ү ү Ü ü ү
11 Л л L l ыл 24 Ш ш Š š шы
12 М м M m мы 25 Ы ы І ɪ ы
13 Н н N n ны 26 І і İ і і

Болашақта латын əліпбиіне көшкенде 26 əріппен көшсек қана біз тілімізді өзінің үнде- сімі заңы негізінде сақтап қала аламыз. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда латын əліпбиіне тек осылай көшу ғана өзінің игі нəтижесін берері сөзсіз. Басында латын əліпбиіне 26 əріп бойынша көшу мынадай қиындықтар туғызатыны анық:
1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды;
2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық;
3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғыза-

ды;


4) қаражат жұмсалады;
5) жер-су атауларын қайта жазу мəселесі дау-дамай тудырады;
6) бұрынғы тарихымыз, мəдениетіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсі-

ніксіз болып қалуы ықтимал.
Дегенмен де, латын əліпбиіне 26 əріп бойынша көшсек, қазақтың болашақ таза қазақ- тық ұлтын қалыптастыратынымыз айдан анық. Латын əліпбиіне осылай көшсек, мынадай жақсылықтарға жетеміз:
1) қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады;
2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды;

3) кірме лексика, терминдер сөздер үндестік заңдарына бағынады;
4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан, емлетануда қиын- дық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын жəне болмайтын басы артық 16 əріптен құтыламыз;
5) сөйлеу мəдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі қалыптаса бастайды;
6) латын əліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады;
7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды жеңілдетеді.
3. Қорытынды.
Сонымен сөзімізді қорытар болсақ, латын əліпбиіне көшу тəуелсіздігіне 22 жылдан астам уақыт өткен жəне халықаралық қауымдастықта беделді орынға ие болған Қазақстан- ның руханият саласындағы тəуелсіздігін айғақтайтын шара болып табылады. Сонымен қатар, əлемдік технологияда үздік дамыған елдер жəне туысқан түркі халықтарымен етене арала- суына мол мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл шара Қазақстанның бүгінгі руханиятын дамы- ту болып есептеледі. Сондай-ақ, ол тəуелсіздікті, əсіресе мəдени саладағы тəуелсіздікті бе- кемдей түседі. Сондықтан Қазақстан латынға неғұрлым тезірек көшсе, соғырлым ұтымды болмақ.