Бос тұрған уақытша ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ. » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос тұрған уақытша ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.
02
желтоқсан
2024

Бос тұрған уақытша ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.

Бос тұрған уақытша ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің « №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 180000-250000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.12.2024-11.12.2024 жж аралығы.
3. Конкурс өткізілетін орын:  Hr-nobd.edu.kz сайтында.
4. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы Меркі ауданы Жеміс- жидек  ауылы М.Құттыбекұлы  көшесі 25А  мекен жайында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ орналасқан, телефон нөмірі: 87263236140, электрондық пошта: merkesh44@yandex.kz
Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат
біліктілік санатының болуы не "педагог " біліктілігінің болуы 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген мерзімінде келесі құжаттарды электрондық  түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог- сарапшы, зерттеуші, шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Тұрақты лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;