Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі
08
сәуір
2019

Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі

9 «А,Б» сыныптар
Тақырыбы: Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі

Мақсаты:
Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.
Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір), бейнежазба, ғаламтор материалдары.
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта
компьютер.
Барысы
І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру»
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.
Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.
Ендеше, «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» тақырыбында өткізілгелі отырған ашық микрафон алаңын бастаймыз.
ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрафон»
Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Жеңісбек Әлжан таратып айтып береді.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар.
І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары
1. Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
2. Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:...
1-оқушы.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ еліміз үшін әлдеқайда маңыздырақ.
2- оқушы
Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы қазаққа керек пе, жоқ па? Көше қалсақ, бізге не береді? Бүкіл қазақ халқының көкейіндегі сұрақ осы. Ұтамыз ба, ұтыламыз ба? Шыққан қаражат орны тола ма, әлде толмай ма? Ең бастысы, өзін ғана емес, елін де, ұлтын да ойлайтын зияткерлік ұлтты қалыптастыруға бұл әліпбидің титімдей болса да септігі тие ме? Міне, осы сұрақтан келетін болсақ, күні бүгінге дейін шешілмей жатқан біраз жайттарға тап болатынымыз анық. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
3-оқушы
Еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін айтып өтті. Шын мәнінде, бұл мәселе өз шарықтау шегіне жеткен болатын. Латын әліпбиіне көшу мәселесінің айтылып келе жатқанына біраз уақыт болғанын көпшілік жақсы біледі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілшілері осы мәселені қозғап, орыс жазуына негізделген қазақ жазуының әліпбиінен латын әліпбиіне көшу туралы жазған еді. Сол кезде кей ғалымдар көне түрік жазуын қолдаса, кейбіреулері Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Ауғанстан мемлекеттерінде тұрып жатқан қандас бауырларымыздың араб жазуына негізделген қазақ жазуын қолданып жүргенін ескеріп, араб графикасына негізделген қазақ жазуын қолдаған болатын. Дегенмен де, сол кездің өзінде-ақ, латын жазуына негізделген әліпбиді қолдағандар басымырақ болғаны жасырын емес. Бүгінде бұлардың қатары көбеймесе азаймағаны анық.





ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары
3. Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
4. Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
4- оқушы
.Хұсайын, Ә.Жүнісбек бастаған арнайы комиссия латынға көшу бағдарламасын әзірлегені көптеген тілшілерге белгілі. Латын әліпбиіне көшуді қолға алатын уақыт жеткенін «Ана тілі» үнжариясында № 53 саны 27 желтоқсанда жарық көрген профессор Ә.Жүнісбектің «Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп» атты мақаласын оқып шыққан өзін қазақпын деп санайтын әр адамның түсінуі керек.
5- оқушы
Кейінгі тарихқа көз салсақ, латыннан бұрын қазақ тілінің таңбалық жүйесін жасауды шетелдік ғалымдар кириллицадан бастағаны белгілі. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» атты 2010 жылы жарық көрген зерттеуінде Қ.Күдеринова қазіргі кириллицаға негізделген әліпбидің жобалары 19-ғасырдың соңына қарай жасала бастағанын жазады. Ол былай деп жазады: «Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: а – (ә), о – (ө), у – (ү), і – (і), ы – (ы), н – (ң), к – (қ), г – (ғ)». Сөйтіп, зерттеуші он шақты қосымша белгі алғанымен, орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын қолданбады. Н.И. Ильминский қазақ тілінің дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын алмайды.
6- оқушы
Бұл әліпби В.В. Григорьев тарапынан сыналғанымен қазақ тілі дыбыстарын алғашқы әріптерге түсіру әрекеті еді. Бүгінде тіліміздің сөйлеу жүйесін бұзып отырған орыс қаріптерін Н.И.Ильминскийдің қолданбауы қазақ дыбыстарының орыс дыбыстарынан мүлде бөлек екенін аңғаруында жатса керек. Қ. Күдеринова ол туралы: «Оқымысты тарапынан осындай сынға ұшырағанмен Н.Ильминскийдің орыс графикасымен берген қазақ әліпбиінің қазақ тілі дыбыстар жүйесін белгілеуде артықшылығы бар», – деп жазады.
7- оқушы
Бұндағы артықшылықты ол Н.И.Ильминскийдің «Е» дыбысының жуан, жіңішке вариантарын таңбалаудан көреді. Сонымен бірге, біздіңше, тағы бір артықшылық артық орыс әріптерін қазақ әліпбиіне енгізбеуінде деп білеміз. Әліпби өзгерген сайын орфографиялық нормалар да өзгереді, ал орфоэпиялық нормалар өзгеріске түсе бермейді. Алайда әріпке сүйене сөйлеу етек алған кезде тілдің басты өзегі болатын орфоэпиялық нормаларға да қауіп төнетінін бүгінгі күннің өзгерісі көрсетіп отыр.



ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары
1. Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
2. Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз?
3. Пікір айырмашылығы үшін, талғам таласы секілді ешкімді айыптауға болмас. Кешегі Атазаңнан орыс тілін алып тастау туралы 138-дің хатына алғаш қол қойған 138 азаматтың (кейін бұл хатқа қол қоюшылардың саны 10 мыңнан асып кеткені «Қазақ үні» газетінде жазылды) 66-сының аты осы «Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз» атты ашық хатта жүр. 66 адам 138-дің жартысына жетпесе де, олардың атан тарта алмайтын атақ-дәрежелеріне қарап, елдің ойланып қалғаны рас. Қол қойғандардың ішінде, әліпби білсе де, әліпби мәнісін әліп деп танымайтындар да толып жүр. Әрине, оларды бармағын батыра салғандары үшін кінәлауға да болмас… Бірақ осы ашық хат жарияланғалы интернет әлемінде қызу айтыс-талас жүріп жатыр. Кейбірелер: Қайраткерлеріміз айтты – бітті! Ойланатын не бар»-деп, айқайға сүрең қосуда. Енді бірі: «Бұл Ресей отаршылдығын қолдау, ұлтымыздың рухани тәуелсіздігін тәрк ету!»-деп қарсы шығуда. Бір қуанарлығы латын әліпбиін қолдаушылар – яғни 66-ның хатына қарсылық танытып, Ресейдің рухани отарынан құтылуды қуана құптаушылар анағұрлым басым және дәлел-дәйектері мен дауыстары айқын. Әсіресе, жастар жағы басым болып тұр.
4. Дегенмен, екі жақтың да айтысына қарап отырып, 66-ның хатында қаперге алар жайттардың да бар екенін айта кетуге тиіспіз. .«Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады. Егер бүкіл республика латынға көшуді мақсат тұтса, онда біз бұл ашық хатты жазуға ниеттенбес те едік. Латын қарпіне «Мемлекеттік тіл» деген аты бар да заты жоқ жалғыз қазақ тілі ғана көшпек. Бұл еліміздің бірлігіне, тұтастығына нұқсан келтірмей ме?»-дейді ашық хатта.
5. Иә, осы ең алдымен «латын әліпбиіне мемлекет түгел өте ме, әлде тек қазақ тілі ғана өте ме?»-деген басты сұрақ – елдің сұрағы. Ертең бүгінгі халіміздей мемлекеттік тіл өз жайында- босағада, ресми тіл –орыс тілі төрде келе жатқанындай жағдай енді әліпби статусында да қайталанбай ма? Заң тілімен айтқанда, де-юре ойдағыдай екі тілдің де-факто әділетсіз статустары енді әліпбиде қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады?
6. Дегенмен, кириллицаның – орыстың отарлау құралы, латынның – сол отардан құтылу құралы екенін ойласақ, 66-ның ашық хаты ««Латын әліпбиіне көшуге қарсымыз»-деген бағытта емес, «Латын әліпбиіне тек бір қазақ тілі ғана емес, орыс тілі де өтуі тиіс!» -деген бағытта болуы керек еді. Сонда 66 ғана емес, 666 адам қол қояр еді…
7. Біз енді қанша шуласақ та, латын алфавитіне өту – 2012 жылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы жолдауында жариялаған еліміздің «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағыт-бағдарламасына енгізілді. Елімізді рухани тәуелсіздікке бастайтын латын алфавитін қабылдау, мемлекеттік тілдің үстемдікке жетуі, мемлекеттің Қазақ мемлекеті атануы секілді басты-басты ұлттық мәселелер ел алдына шығарылғаны үшін де мүмкін, бұл Жолдаудың кезекті жолдаулардан айрықшаланып, әдеттегідей жаңа жылдан кейінгі қатардағы айларда емес, Тәуелсіздік күні қарсаңында жариялануы. Енді біз тек «өтпеймізді» емес, «қалай өтеміз, қайтсек, қиындығы мен қателігі аз болады» деп қимыл-қайрат көрсетуіміз керек. Ашық хат жазған 66 азамат осы қателік-қарсылықтарын «ұлт мүддесі үшін істеп отырмыз»-деп ойлайтыны анық. Өйткені олардың көбісі ұлт мүддесі үшін күресте жүргендер. Бірақ олар ойлағандай, қазақ тілінің дамуына кедергі мен елді екіге бөлу қаупі – латын әліпбиіне өтуден емес, Тәуелсіздік алғалы 22 жылдан бері кириллица кесірінен болып келе жатқан кесепат екені ұлттық мүддені бәрінен жоғары қоятын зиялылар мен көзі ашық қарапайым халыққа әйгілі.
8.
ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
олашақта латын әліпбиіне көшкенде 26 әріппен көшсек қана біз тілімізді өзінің үндесік заңы негізінде сақтап қала аламыз. Ал 42 әріпті ауыстыра салу, «бір адым алға, екі артқа жүру» дегенге алып барары сөзсіз. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда латын әліпбиіне тек осылай ғана көшу өзінің игі нәтижесін берері сөзсіз. Басында латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшу мынадай қиындықтар туғызатыны анық:
1) өз қазағымыздың өзі бір күнде «сауатсыз» болып қалатындай жағдай туындайды;
2) басқа ұлттардың түсінбестігі туатыны анық;
3) орфографиялық нормалар тұтасымен өзгеретіні барлық халыққа қиындық туғызады;
4) қаражат жұмсалады;
5) жер-су атауларын қайта жазу мәселесі дау-дамай тудырады;
6) бұрынғы тарихымыз, мәдениетіміздің мол мұрасы, кітаптар болашақ ұрпаққа түсініксіз болып қалуы ықтимал.
Дегенмен де латын әліпбиіне 26 әріп бойынша көшсек қазақтың болашақ таза қазақтық ұлтын қалыптастыратынымыз айдан анық. Латын әліпбиіне осылай көшсек мынадай жақсылықтарға жетеміз:
1) қазақ тілінің басты үш дыбыстық заңы, атап айтқанда, буын үндестік заңы, дыбыс үндестік заңы, ерін үндестік заңы бұзылудан сақталады;
2) акцент пайда болып, дұрыс интонация нығая бастайды;
3) кірме лексика, термин сөздер үндестік заңдарына бағынады, мәселен: стартер – сартер.
4) бірінші кластан бастап балалардың басын ауыртып келе жатқан, емлетануда қиындық туғызып жүрген, қазақ сөздерінде ешқашан дыбысталмайтын және болмайтын басы артық 16 әріптен құтыламыз.
5) сөйлеу мәдениеті көтеріліп, орфоэпиялық нормалар орфографиялық нормаларды ығыстыра бастайды, соның негізінде зияткерлік ұлт негізі қалыптаса бастайды.
6) латын әліпбиін меңгеру ақпараттық кеңістікке шығуды жеңілдетеді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашады.
7) басқа елде тұратын қандастарымызға өз тілінде ақпарат алуды жеңілдетеді.
Латын әліпбиін меңгеру қиынға түспейтіні анық, себебі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көпшілігі осы графикамен жазылуда.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2013 жылы Халыққа Жолдауында «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады» – деді.
ІҮ Рефлекция. «Дауыс беру»
Оң жақ: қолдаймыз (ақ)
Сол жақ: қолдамаймыз (қара)