29
ақпан
2024
Педагогтарды лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді
2024 жылдың 15 ақпанында «Жамбыл облысы әкімгінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің №44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде уақытша негізгі қызметкердің болмауына байланысты бос тұрған 1 бірлік жүктемемен химия пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс жарияланды. Осы уақыт аралығында конкурс талаптарына сай 1 үміткер құжаттарын тапсырып тіркелді. Конкурстық комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің қатысуымен 29 ақпан күні өткізілді. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513 бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен) талаптарына сәйкес үміткердің құжаттарын қарап, 16 – қосымшасына сай бағалау парағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша баллдарын көрсете отырып, үміткердің конкурсқа ұсынған құжаттарын саралап, есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде Арпабекова Назым Самбетовна уақытша негізгі қызметкердің болмауына байланысты бос тұрған 1 бірлік жүктемемен химия пәнінің мұғалімі лауазымына ұсынылды.
