Педагогтарды лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия отырысы өткізілді
2023 жылдың 30 қазанда «Жамбыл облысы әкімгінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің №44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған 1 бірлік жүктемемен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне конкурс жарияланды. Осы уақыт аралығында конкурс талаптарына сай 1 үміткер құжаттарын тапсырып тіркелді. Конкурстық комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің қатысуымен 13 қараша күні өткізілді. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513 бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен) талаптарына сәйкес үміткердің құжаттарын қарап, 16 – қосымшасына сай бағалау парағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша баллдарын көрсете отырып, үміткердің конкурсқа ұсынған құжаттарын саралап, есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде Насырова Саида Ильгаровна бос тұрған орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына ұсынылды.
