18
қазан
2023
Педагогтарды лауазымға тағайындау жөніндегі комиссия жөніндегі отырысы өткізілді
2023 жылдың 4-12 қыркүйек аралығында «Жамбыл облысы әкімгінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің №44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде уақытша негізгі қызметкердің болмауына байланысты бос тұрған 1 бірлік жүктемемен әлеуметтік педагог және бос тұрған 1бірлік жүктемемен директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарына конкурс жарияланды. Осы уақыт аралығында конкурс талаптарына сай әлеуметтік педагог лауазымына 1 үміткер , директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарына 1 үміткер құжаттарын тапсырып тіркелді. Конкурстық комиссияның отырысы комиссия мүшелерінің қатысуымен 18 қыркүйек күні өткізілді. Аудандық мәслихат депутаты А.Я Хейроев бақылаушы ретінде қатысты.Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген (ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513 бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен) талаптарына сәйкес үміткерлердің құжаттарын қарап, 11 – қосымшасына сай бағалау парағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша баллдарын көрсете отырып, үміткерлердің конкурсқа ұсынған құжаттарын саралап, есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде Даутов Қуаныш Берекебаевич бос тұрған директордық құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымына, Байтүгелова Алма Сабитовна уақытша әлеуметтік педагог лауазымына ұсынылды.
